Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҮЙ БОЛҒАН СОҢ ЫДЫС –АЯҚ СЫЛДЫРЛАМАЙ ТҰРМАЙДЫ, БІРАҚ....


17 мая 2013, 18:10 | 1 879 просмотров



Халықаралық мерекелер күнтізбесіне көз жүгіртсек, жанұяға арналған бір күннің барын көреміз. Көктемнің ең шуақты мезгілі, күннің нағыз мейірімді шуағы жер бетіне төгілетін шақ 15 мамыр әлемдік отбасы еншісіне берілген . Осы айтулы күннің құрметіне орай бүгінде республиканың түкпір- түкпірінде әр түрлі тәрбие сағаттары, түрлі отбасылық сайыстар өтіліп, «Бақытты отбасы» атты түрлі сурет көрмелер ұйымдастырылып, қоғамның басты бөлшегі отбасыға көңіл бөлініп, түрлі салтанатты шаралар өтілетіні дәстүрге айналып келеді.Осы орайда «Жанұя» деген қастерлі ұғым қайдан пайда болған? Оның іргесі мықты болуы үшін әрбір отбасын құрған жан не істеуі керек?-деген сауалдар төңірегінде тоқталып өтсек.

«Жанұя», «отбасы» қашанда қастерлі сөз. Отбасы - адам баласының өсіп- өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бұл екі адамның бір -біріне деген іңкәр сезімдірінің сыйластыққа, түсіністікке ұласуынан туындайтын одақ. Осы шағын ғана ұяны әйел мен ері бірлесіп құрады. Өмірді үлкен толқындары тулаған теңіз деп жатамыз ғой. Сол бір асау толқындар арпалысынан шаршаған жан, жанына жайлы, жүрегіне тыныш мекен іздейді ғой.Міне, сол адам жанының тағат табатын орны- өз жанұясы. Жанұя адамның өмірдің қым-қуат тіршілігінен шаршап, өзі үйіне оралғанда барлық шаршағанын ұмытып, өзін еркін сезініп, дем алатын жылы мекені. Осы өз үйі, өлең төсегінде ғана адам өзінің жанына сая тауып, еркін сезінеді. Өйткені, өз жанұясында қайғы мұңын, қуанышын, өзіне ең жақын жанмен бөліседі. Бұл ұяда айтылған, бөліскен қиыншылықтар азайып, әрбір орын алған қуанышты сәттер, өмірге дегенсүйіспеншілікті арттырады. Осы ұядағы басты екі жанның сүйіспеншілігі мен сенімі мықты болған сайын отбасының діңгегі де берік болмақ.

Жанұяда ең әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, жұбайлардың одағи беки түсіп, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөліскендіктен, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр келмейді. Алла Тағала отбасы жарастығы, ерлі- зайыптылардың түсіністігі турасында былай деген : «Аллаһ бір-біріңмен өмір сүрулерің үшін өздеріңнің араларыңнан сендерге жұбай жаратқан және араларыңа махаббат пен рахымдылық сыйлап қойған».

Қазақта өмір ағысынан туындаған «Үйдің сырты еркекке, іші әйелге тиесілі » деген бір-ауыз сөзбен ақ, отбасының жылуы мен татулығын бейнелеп беретін көрегенді сөз бар.Сондай ақ, жарасымды отбасы қуруда данышпан Абай да былай деп толғап кеткен.

Жасаулы деп, малды деп, байдан алма,

Кедей қызы арзан деп, құмарланба.

Ақылы бар, ары бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма .- деген жолдар отбасының тұтқасы әйелде, соның ішінде ақылды әйелде екенін білдіреді.

Ал, бүгінде осы жанұя , отбасы деген ұғымның қадір -қасиетіне байыптап бармай ақ, оп-оңай отбасын құра салып, жеп-жеңіл іргесігн сөгіп кете беретіндер артып барады. Оны біз көбіне заманға жауып немесе, қоғамнан әйел адамнан немесе отбасы мүшелерінің бірінен көріп, соған итере салып сыңар жақ пікір қалыптастырып жатамыз. Алайда, бұған бір жақты көзқарас таныту орынсыз. Себебі, отбасын әу баста екі жан жүрек қалауларына сеніп құрғандықтан жауапкершілігі мен қиыншылығын бірге төзіп көтеруі керек. Отбасындағы туындап жатқан түрлі шешімдерде, әр түрлі қиыншылықтарда бір – біріне үнемі сүйеу болып, барлық мәселені бірге шешсе, бұл отбасынан жарасымдылық пен бақыт ешқашанда айналып өтпейді. Бірін- бірі құрметтейтін жанұялар маңызды болсын, үлкенді ұсақты шешім қабылдарда ақылдасып, ортақ жолды таңдайды.Әрине бұлай жасау отбасылық келіспеушілік пен орынсыз кикілжіңнің болмауына жол бермейді. Осындай ортақ ой бөлісудің нәтижесінде отбасы бірлігі, татулығы нығая түспек. Ал, егер үнемі отбасындағы кездесіп жататын келеңсіздіктің бәріне жаппай ері үнемі әйелін, немесе, ерін кіналап , одан шығудың жолын қарастырмай ұрыс- жанжалға ұластырып жатса, ол отбасының одағы ұзаққа бармасы аян. Жанұялық өмірде жұбайлар бір-біріне тәуелді емес, түсіністік пен сезімнің жемісінде жіпсіз байланып тұрса, бұл отбасы нағыз бақытты ұя. Сонда, ұрыс- керіс болмайтын отбасы ғана бақытты жанұя болмақ па деген ой туындар. Әрине, отбасы болған соң түсінбеушілік, уақытша қиыншылықтар болары сөзссіз. «Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген қазақта сөз бар. Тек осы ұрыстың соңын ушықтырмай, жұптар дер кезінде бір –біріне түсіністік танытып жатса, оның кейін өкінішке соқпайтыны рас. Сондай-ақ, «Адамдар осы не үшін отбасын құрады?» деп ойланып, соған жауап іздеп көрейк. Оған «өмірді бір- бірмен бөлісу үшінүйленеді» деген бір ғана жауап бар. Ал, өмір деген әркез теп-тегіс, сәттілікке толы жол емес. Жұптар осы өмірдің қиыны мен қызығын бірлесіп көтеріп,бір- біре сүйеу болса міне, нағыз бақытты отбасы осы болмақ!

Автор:
Динара АУЖАНОВА өз тілшіміз.