Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ


24 мая 2013, 10:39 | 2 786 просмотров



Айтқаныңды ұмытып қаламын, көрсеткеніңді есте сақтауым мүмкін, өзіме істеуге берсең- мәңгілік мендік болады.

(қытай нақылы)

Қазіргі таңда Мемлекеттік білім беру саясатындағы басты міндет – «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» .

«Ғылымда кең дағыл жол жоқ, сондықтан оның сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтаумен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады». Осыған орай оқыту әдістемелерін де өзгерту қажеттілігін туғызады. Біздің еліміз демократиялық даму жолына түскендіктен, қоғамды шешім қабылдауға қатысуға жұмылдыру ауадай қажет. Студенттер сабаққа айтарлықтай белсенді болуы тиіс.

Интербелсенді әдісті белсенді тәсілдердің алды деп түсіндірген дұрыс болар еді. Интербелсенді тәсілдер, интербелсенді оқыту терминдері бірге ағылшын тілінен енген («interactive», «inter» өзара «active» «ast» әрекет ету). Осылайша интербелсенді әдістер терминін студенттердің өзара әрекет етуіне мүмкіндік беретін әдіс деп аударуға, ал өзара қатынасқа арналған оқытуды интербелсенді оқыту деп атауға болады. Интербелсенді әдістемелердің негізгі мәні оқытудың оқытушымен қоса барлық студенттердің өзара қатынасынан тұратындығында. Оқытудың бұл әдістемесі оқытудың тұлға бағытталғаны болып табылады. Өйткені бұл бірігіп оқытуды яғни ұжымды, бірлесіп оқу, серіктесіп оқытуды білдіреді. Бұл жағдайда студенттің өзі де, оқытушы да оқу үрдісінің субьектісі болып табылады. Оқытушы көбінесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастырушы рөлінде, фасилитатор, топтың басшысы, көмекші, студенттердің бастамасына түрткі болушы ретінде ғана орын алады.

Интербелсенді әдістеменің мақсаты – жай ақпарат беріп қоймай, студенттердің өздігінен жауап іздеуге бейімдеу. Интербелсенді әдісті қолданатын оқытушылар дәл осы өзара қатынас ірдісінде білім беру нәтижелі болды деп сенді. Олардың ойынша, студенттер пікір- талас кезінде білгендерін осылайша тезірек үйреніп, есте сақтай алады. Бұл мынадай себептерге байланысты болады:

-Студенттер ақпарат алып қана қоймай, шешімді табу жолы мен шешімнің дұрыстығын немесе бұл ойдың ұсынылған нұсқаларының ішіндегі ең жақсы екендігін қисынды түсіндіре білуі және өз ойларын дәлелдеуә керек;

-Қисынсыз құрылған шешімдер дау туғызатынын білетіндіктен студенттер өз идеяларын терең талқылайды;

-Студенттер мәселені шешу барысында өздерінің және басқалардың тәжірибелерін қолданады. Мұндай жалпы білім қоры жеке студенттің біліміне қарағанда молырақ келеді;

-Оқытушы да студенттерден кейбір нәрселерді біліп, үйрене алады.

Интербелсенді әдістеменің көптеген әдіс- тәсілдері бар:

•Ұқсастық / айырмашылық

•Салалау

•Сәйкестікті іздеу

•Рейтинг

•Жіктеу

•Қортындылау

•Дұрыс/бұрыс

•Дұрыс немесе өзгертуді талап етеді

Интербелсенді есеп істеу оқытушының шығармашылық шеберлігіне байланысты.

Мысалы «Кілем» жаттығуы: Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: олар өз кілемдерін бояп, оны өз қиялындағы сауда орнында таныстыруы тиіс. Онда сатушы рөлінде таныстырушы топ, ал сатып алушылар ретінде қалған қатысушылардың барлығы ойнайды. Қатысушылар кілемді жинақталғанына, көркемділігіне, жұмысты орындау жылдамдығына қарай, бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Осыдан кейін қатысушылар таныстырушы топқа неліктен дәл «осындай» баға бергендерін түсіндіруі тиіс. Кілем таныстырылады, топ мүшелері қуанып, мақтанады. Содан соң жаттықтырушы үш фрагменттің бәрін іліп қояды. Осыдан кейін «Ең соңында тапсырма неліктен орындалмаған болып шықты» деген тақырыпта қызықты талқылау өткізуге болады.

Түсіндірме: әдетте қатысушылар тапсырманы түсіндіргенде нақты нұсқау беретін жоқ деп ашулана бастайды. Жаттықтырушы «Кілем» сөзі айтылғанын, ал топтардың өзара араласуына ешкім тиым салмағандықтан түсіндіре алады. Талқылауды әрбір ұйым мүшесінің түпкі мақсатын түсіну қажеттігіне қарай бағыттауға болады. Сирек болса да мынадай жағдай орын алып тұрады, әсіресе ұйымшыл ұжымда кездесетін жайт, топтар тез арада «істің мәнін түсінді де», ортақ әдемі кілем салады.

Бұл жаттығуды көбіне экономикалық теория және құқық негіздері пәндерінде қолдануға болады.

«Салалау». Оқытушы – студенттер жұмысына қойылатын мақсатқа жету үшін бағыт беретін басқарушы. Оқытушы топтарды аралап, жұмыстарын бақылап тұруы керек. Сіздің топтарды аралап жүруіңіздің және туындаған сұрақтарға дер кезінде көмекке келуіңіздің арқасында, қосымша шу саябырсып, олардың барлық назары тапсырманы орындауда болады. Барлық топтар тапсырманы орындаумен айналысып отырса да, топтарды аралауды жалғастырыңыз, өйткені сол арқылы біз:

-қызықты көзқарастарды таңдап, оны кейін жалпы топтың есіне салыңыз;

-кейбір студенттердің тым басымдық көрсетуіне жол бермей, өз пікірін айтқан студенттерді мадақтаймыз;

-топтағы үндемейтін студенттердің не ойлайтынын жақсырақ білсеңіз;

-әрі қарай берілген тәсілдердің қайсысын қолдану тиімдірек екенін ойланасыз.

Қоғамдық пәндерде интербелсенді әдістерді қолданған кезде дайындыққа аз уақыт пен көп күш жұмсамай-ақ, тәжірибелік жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Оқытушылық қызметімізді бастаған кезде әрине көзбен көрген, бойда қалыптасқан дәстүрлі әдіс негізінде жүргіздік. Барлық күш жігерді салып студенттерге сабақ берілді, бірақ одан шыққан нәтиже қанағаттандырмады.

Интербелсенді әдісті қолдану барысында студенттердің:

-еркін ойлау қабілеті, есте сақтауы арта түседі;

Оқытушының сабақ түсіндірген қарағанда, студенттердің бірлесе отырып жұмыс жасағаны әлдеқайда жоғары нәтиже беретініне көз жеткізілді. Қазіргі таңда студенттер білім алу үшін емес, тек жапырақ қағаз алу үшін ғана келетінін бәріміз көріп, оған куә болып отырмыз.

Автор:
Г.С ДУВАНБЕКОВА «Талдықорған қалалық медициналық колледжінің» МҚК тарих және әлеуметтік – экономикалық пәндер оқытушысы Қ.М. ТИШИБАЕВА