Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ


24 мая 2013, 10:40 | 3 530 просмотров


Мақсаты:а) Оқушыларды жалпы жердің пайда болуы туралы болжамдармен таныстыру,жер құрылымы туралы жалпы сипаттама беру.

ә)Оқушыларға жердің құрылысы туралы жан-жақты білім бере отырып,түсініктерін,ой- өрісін дамыту.

б)Пәнге деген қызығушылығын арттыру,елін,жерін сүюге,қорғауға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар:суреттер,карта,сөзжұмб ақ,ребус.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: Баяндау,әңгімелеу,сұрақ- жауап

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу,түгендеу,оқу-құралын тексеру

-Сабаққа назарларын аудару

ІІ. Өзіндік білімін тексеру кезеңі

1) Жер туралы не білеміз?

2) Жердің пішіні қандай?

3) Жердің радиусы қанша?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

Жердің ішкі және сыртқы құрылысымен таныстыру.Жер

қабықтары туралы жалпы сипаттама беру.

ІV.Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Кіріспе бөлім: Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары.

2.Негізгі бөлім: Жердің ішкі құрылысы.

1.Жердің сыртқы құрылысы.Жер қабықтары.Жердің ғарыштан түсірілген суретіне қарасақ,оның шар тәріздес екендігін айқын көреміз.Жер шарын ауа қабығы қоршағандықтан ол буылдырланып көрінеді. Ал ақ шарбы-ондағы бұлттардың көрінісі.Ауа Жер шарын қалың қабат түрінде,ең сыртынан қоршап тұрады.Оны атмосфера деп атайды. (грекше атмо-бу,сфера-шар) .Ауа Жерді үздіксіз,біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.

Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін су алып жатқанын байқайды.Шынында да судың үлесіне жер бетінің жалпы ауданының 2/3-сі тиеді.Ауа сияқты су да жер бетін біртұтас жауып жатады.Оны гидросфера(грекше гидро-су),яғни Жердің су қабығы деп атай- ды.Гидросфераның басым көпшілік бөлігін мұхиттар мен теңіздер құрайды.Сонымен қатар оның құрамына өзендер,көлдер,жер асты сулар т.б. кіреді.

Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап адамға дейінгі түрлі ағзалар Жердің айырықша қабығы биосфераға жатады.

(грекше био-тіршілік).Ол атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды. Тіршілік ауада да,суда және жердің беткі қатты қабығында таралған.

2.Жердің ішкі құрылысы. Адам Жердің сыртқы қабатын атмос-фера,гидросфера және биосфераны тікелей зерттей алады.Ал жер қабатының өзін мардымсыз,аз тереңдікке дейін ғана тікелей бақылай алады.Ең терең деген ұңғының өзі әзірге 15км тереңдікке дейін ғана жеткен.Жердің ішкі құрылысын анықтауда,әсіресе жер сілкіну толқындарының таралуын бақылаудың маңызды зор. Жердің ең сыртқы қабаты Жер қыртысы деп аталады. Ғалымдар температура мантияның жоғарғы жағында +100-1500 С-тан, төменгі шекарасында +38000 С-қа дейін баратын болу керек деп болжай-ды.

Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр.Оның радиусы 3500км шамасында. Ядро темір мен никелден тұрады.Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді.Сырқы ядро балқыған күйде,ал ішкі ядро қатты заттан болуы керек.

Жер қыртысының екі түрі:материктік және мұхиттық қыртыс бар.Ма-

териктік жер қыртысында үш қабат болады. Жоғарғы қабатында шөгінді жыныстар басым. Төменгі екі қабаты шартты түрде «гранитті» және «бальзатті» қабаттардан тұрады.

Мұхиттық қыртыс екі қабаттан құралады.Жоғарғы қабаты шөгінділер- ден тұрады,төменгі қабаты «бальзатті» болса,ал «гранитті» қабаты жоқ.

V Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру кезеңі

VI Қорытынды кезеңі

VII Үйге тапсырма

Автор:
А. БЕЙСЕЕВ, «М. Мақатаев атындағы орта мектеп мектепке МДШО бар мекемесінің география пәні мұғалімі Тегістік ауылы, Райымбек ауд.