Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӨРТ ТҮЛІК


24 мая 2013, 16:43 | 1 141 просмотр



Сабақтың мақсаты:

Балалардың үй жануарына деген сүйспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларға төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатпен, малдың қадір – қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу. Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру.

Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту;

Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар, төрт түліктің мүсіндері, суретті плакаттар, тақта.

Сабақтың байланысы: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру;

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап,топтастыру,әңгіме-леу, тақтамен жұмыс, сергіту жаттығулары, ойын т.б

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі;

Психологиялық жаттығу;

Жаңа сабақ;

Ойын;

Сергіту;

Қорытынды;

Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді, шеңберленіп тұрып төрдегі апайлармен амандасады.)

Білер қазақ баласы

Сәлем – сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

Сәлем – сөз анасы демекші балалар, төрде отырған апайлармен амандасайық. Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?

-Балалар далада ауа – райы қандай ? / Суық /

Жаңа сабақ:

Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?

Үйлеріңде қандай жануарлар бар ?

Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе жатады екен.

Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында әңгімелейміз.

Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!

Сиыр мөңірейді;

Жылқы кісінейді;

Түйе боздайды;

Қой, ешкі маңырайды;

Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр»

Сергіту сәті:

Қорыту:

Автор:
Гүлнар ЖАНАЛИЕВА Ж.Жапаров атындағы орта мектеп-шағын орталығының тәрбиешісі Кербұлақ ауданы