Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Ш. УӘЛИХАНОВ»


24 мая 2013, 10:44 | 2 009 просмотров



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш.Уәлихановатың өмірі мен шығармашылығын толықтай түсіндіру;

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Ш.Уәлихановатың өмірі мен шығармашылығын толықтай түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын,ой- өрісін, есте сақтау қабілеттңрін арттыра отырып, сөздік қорларын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, өз туған жерлерін сүюге, қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,Венн диаграммасы,семантикалық карта;

Сабақтың көрнекілігі: ақпараттық тақта, суреті, Ш.Уәлиханов жайлы еңбектер, карталар;

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру:

1) Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу;

2) Класс тазалығына көңіл аудару;

3) Сабаққа қатысымын қадағалау;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы әдебиеті?

2. Сол ғасырдағы әдебиет иегерлері?

3. Сол кезде дамыған әдебиет жанрлары?

4. Географиялық ашулары?

5. Қоғамдағы алатын орындары?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Психологиялық тренинг:

«Өз-өзіме сенімдімін»

«Мен күшті және өз-өзіме сенімді адаммын. Мен барлығын жасай аламын, ештеңеден қорықпаймын».

Осыдан соң оның орыс достарымен біріге ашқан географиялық ашуларына үлкен ден қоя отырып Венн диаграммасын толтырту:

ІҮ.Сабақты бекіту:

Ү.Үйге тапсырма: Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік айту.

ҮІ. Сабақты бағалау: «5», «4», «3» бағаларымен бағалау;

ҮІІ. Сабақты аяқтау: Сау болыңыздар, балалар!

Автор:
Жанар МАЙЛЫБАЕВА Ж.Жапаров атындағы орта мектеп-шағын орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі