Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ


24 мая 2013, 16:44 | 1 409 просмотров



Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттеріндегі белсенділікті дамыту.

Мақсаты: оқушылардың, ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау қабілетін зерттеу.

Көрнекіліктері: Оқушыға ақ парақ, қалам, мойыншақ, шеңбер.

Өтілу барысы:

1.Сәлемдесу.Оқушымен әңгімелес, көңіл-күйін білу. Әңгіме барысында баланың жаңалығын, қуаныш –ренішін тыңдау әңгімесіне ортақтасу.

2. Психолог сабақ барысында оқшының мінез құлқы мен іс әрекетіне бақылау жүргізіп отырады.

2. әдістеме.

Мақсаты: оқушының қабілетін анықтау. Балаға ақ қағазбенқағаздан қиылған түрлі- түсті моншақтар беріледі.

Оқушылар ережелерді сақтай отырып, шеңберді қосатын сызық сызып, шеңбер бойына мойыншақтарды орналастырады.

1.Тек шеңбер арқылы ғана моншақтардың түстерін араластыра отырып орналастыру;

2. Бір түс қатар келмеуі керек.

Талдау барысында оқушы алға қойылған 2 міндетті орындай алады ма, сол анықталады.

3. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.

1. оқушыға 25-30 секунд бойына қағазға жазылған 10 сөзді көрсетемін. Осы сөздерді қағазға өздеріне жаздырамын. Бұл жаттығу арқылы баланың есте сақтау қабілетінінің деңгейін анықтаймын.

2. есте сақтау қабілетін нығайту.

Психолог:Біз қазір ойын ойнаймыз. Мен 20 сөз оқимын, сендер солсөздерді есіңе сақтап қалуға тырысыңдар. Сөздер оқылып болғаннан кейін, Жадыңа сақтаған сөздерді қағаз бетіне түсіріңдер.

Психолог дауыстап 20 сөз оқиды,кейінен есте сақтау деңгейін тұрақтандыру ,нығайту үшін сөз саны келесі сабақтарда өсіп отырады.

4. «Сөйлемді құрастыру» атты жаттығу.

мақсаты: ақыл- ойды және қиялын дамыту.

Ойынның шарттары. Жүргізуші тақтаға екі сөзді жазып, оқушыларға ұсынад. Әр оқушы берілген екі сөзді қолдана отырып, сөйлем құрастырады. Содан кейін, сөздер өзгертіледі,балалар өзгертілген сөздер арқылы сөйлем құрастырады.

Ойынға байланысты нұсқаула:

1. Балаларды өзіндік ерекше сөйлем құрастыруға ынталандыру қажет.

2. Егер балалар тапсырманы оңай орындаса, тапсырманы күрделендіру керек. (екі сөздің орнына үш сөз беріледі).

5.«Қарым-қатынас сөздер» атты жаттығу.

Мақсаты : Ақыл –ойды және тілді дамыту.

Ойынның шарттары:жүргізуші балаға бір суретті көрсетеді (Сөзді айтады ).

Ойынның мақсаты: Сүреттегі затқа қарама_ қарсы затты атау. Мысалы : «кесе»деген сөзге балалар «тақта» деп жауап беруге болады, өйткені кесе сопақ болса, тақта тік балғаны.

Әр бала ретімен өз жабын ұсынып, таңдауын түсіндіреді

6.«Төрт апат» атты жаттығу.

Мақсаты: зейінді дамыту.

Ойынның шарттары балалар орындықта отырады жүргізушіні белгісінен кейін.қолына қозғалыстар жасайды.

«жер»деген команда бергенде – балалар қолын астыға түсіреді

«су» деген командадан кейін – балалар қолдарын алдыға созады

«ауа»дегенде – балалар қолдарын үстіге көтереді.

«от» командасына – балалар қолдарын бүгіп, шынтақтарын айналдырады.

Автор:
Самал ҚОЙЛЫБАЕВА Ж.Жапаров атындағы орта мектеп- шағын орталығының психологі Кербұлақ ауданы