Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДАЙЫНДЫҚ ДЕР КЕЗІНДЕ БАСТАЛДЫ


24 мая 2013, 16:53 | 974 просмотра



Аталған жұмысты біздің Министрлік жергілікті атқарушы және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарады және тұрақты бақылауда ұстайды. Бүгінгі таңда Жұмыс жоспары әзірленген және қажетті нормативтік құқықтық база бар. Үлкен жұмыстар атқарылды. Оның нәтижесі келесі көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. 2,1 миллион немесе 92 пайыздан көп балалар мен жасөспірімдер жазғы сауықтыру демалысы мен бос уақытын ұйымдастырудың барлық нысандарымен қамтылған.

Оқушылар контингенті - 2,3 млн. оқушы. Бұл өткен жылдарға қарағанда жоғары. Мұнда 2 бағыт бойынша: балалардың сауықтыру демалысы мен бос уақытын қамту іске асырылады. Бірінші бағыт бойынша 1,3 миллионға жуық немесе 58,9% балаларды сауықтыру жоспарлануда. Барлығы 10487 сауықтыру лагері мен алаңдардың қызмет етуі қарастырылған, бұл өткен 2012 жылмен салыстырғанда (8414-ке) біршама көп.

Анықтама: жыл бойы жұмыс істейтін 10 лагерьде – 11735 бала мен жасөспірім (2012 ж. – 9, оларда 6435 бала);

- қала сыртындағы 211 сауықтыру лагерінде – 181123 оқушы (206/171016 бала);

- тамақтандыратын мектеп жанындағы 5955 лагерьде – 595222 (4990/564063 бала);

- тамақтандырусыз мектеп жанындағы 4311 бейінді алаңдарда – 495446 (2880/409183 бала).

Жазғы демалыс мектеп жанындағы лагерьлер дамытушылық, сауықтыру, білім беру, мәденитану және коммуникативті функцияларды орындайды. Республиканың 7 өңірінде мектеп жанындағы лагерьлер саны көбейді. Жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында 221 лагерьден 82 жекеменшік жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады.

Тұрғындардың әлеуметтік-қорғалмаған бөлігінен шыққан балаларды сауықтыруға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылы 680 мыңнан 450 мыңға жуық немесе 65,4% аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, мүгедек-балалар, жетім-балалар жазғы демалыспен қамтылады. Жергілікті атқарушы органдар жетім-балалардың демалысына жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге және аз қамтылған отбасылар балаларына 2,7 млрд. теңге қаражат бөледі. Бұл өткен жылға қарағанда 2 еседен жоғары көп.

Екінші бағыт бойынша балалардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруда 9 мың мектеп жанындағы алаңдар, аула клубтары және қызығушылығы бойынша үйірмелер жұмысын бастайды. Жазғы кезеңде түрлі, еңбек, өлкетану, шығармашылық, спорттық-көпшілік және зияткерлік демалыспен 1,5 млн. оқушыны немесе 66,7%-ды қамту жоспарланып отыр.

Балалар арасында көп тараған демалыстың бірі өлкетану болып табылады. Атап айтсақ, республикадағы мектеп оқушыларының Астана қаласын аралауы дәстүрге айналған. Туған өлкесі мен астананы зерделеу мақсатында каникул кезінде 5 мыңнан жоғары туристік саяхаттар мен 400 мың мектеп оқушысына 17,1 % арналған көшпелі спорттық жиындар өткізу жоспарланған. Жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласында 7 мың еңбек отрядтары, отбасылық-жалдау бригадалары, орман шаруашылығы қызмет етеді.

Сондай-ақ, кез келген өңір «Жазғы демалысты үздік ұйымдастырушы» атты республикалық конкурс аясында өздерінің жаңа идеяларымен бөлісе алатын болады. Жазғы демалыспен жасөспірімдердің жеке санаттағы, оның ішінде «Тәуекел тобындағы» балалардың бос уақытын қамту жоғары деңгейде өтетін болады:

- мектепішілік есепте және КІБ-те есепте тұратын 10200 бала, 94% пайызды құрайды;

-тұрмысы қолайсыз отбасылардың балалары-26500, 84,3%.

Сондай-ақ, жыл сайын жеке санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамту мониторингі жүргізіледі. (тубвиражды балалар,чернобыльдық отбасылардың және интернационалист әскерлердің, оралман отбасыларының балалары).

Аталған есеп олардың жазғы демалысын жоғары сапада ұйымдастыруды талап етеді.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының зияткерлігін көтеру мақсатында және ҚР Премьер-Министрі өкімінің аясында дарынды балаларға тегін демалыс қарастырылған. Бұл іс-шараға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлуді жоспарлаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 210 миллионға көп. Дарынды балаларды жазғы демалыспен қамтудың төмендегі көрсеткіштері жоспарлануда:

-1-10-сыныпты «үздік» аяқтаған оқушылар - 200 мыңға жуық, ол 70,5 пайызды құрайды.

-зияткерлік және шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың 100 мыңға жуық жеңімпаздары 84,3% пайызды құрайды. Жалпы алғанда, әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың жазғы демалысына және материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 5,5 млрд. теңге қаражат бөлу қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 млрд-қа артық.

Сонымен қатар, балалар ата- аналарының қаражаты есебінен 3,6 млрд-қа сауықтырылады, өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млрд. теңгеге артық (1,7 млрд. теңге). Министрліктің негізгі функцияларының қатарына – әдіснамалық қамтамасыз ету мен осы жұмыстар шеңберінде мониторинг жасау жатады. Сонымен қатар, педагогтерге көмек ретінде әдістемелік ұсынымдамалар; мектеп жанындағы лагерьлерге арналған бағдарламалар; балалар сауықтыру лагерьлерінің анықтамалығы және т.б. әзірленді.

Жыл сайын жазғы демалыс кезеңінде балалармен жұмысқа 40 мыңнан аса педагогикалық және медициналық қызметкерлер, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, педагогикалық отрядтардың вожатыйлары тартылады.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Республиканың 7 өңірінде 554,7 млн. теңгеге жазғы демалыс нысандарын күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Барлық облыстарда объектілерге ағымдағы жөндеу жүргізілген. Жазғы демалыс объектілерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен республикамыздың 10 облысында жалпы 344,8 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Жазғы демалысты сапалы ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымдары жоғары рөл атқарады.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың «тікелей мәресіне» жетудеміз. Айтылғандарға қосымша төмендегі аспектілерге көңіл аударуды сұраймын. Біріншіден, қала сыртындағы лагерьлерді қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қала сыртында қызмет істейтін лагерьлердің 118-і (54,4%) ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 30 (13,8%)-ы басқа жақтан әкелінетін тасымал сумен, 69-да (32%) ұңғымалар мен құдықтар қойылған.

Екіншіден, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықта болу керек және жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жүргізілу қажет.

Балалардың жазғы демалыс орындары Төтенше жағдайлар министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитеттерінің өкілдерімен жан-жақты тексерілді. Барлық демалыс объектілерінде медициналық қызметтер ұйымдастырылған. ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға 4 мыңнан аса полиция қызметкерлері тартылатын болады.

Енді басты міндет – олардың барлығын балаларды жазғы демалыспен қамту барысында тиімді пайдалану.

Автор:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 2013 жылғы жазғы кезеңде оқушыларды сауықтыру, бос уақытын, демалысын ұйымдастыру бойынша сөйлеген сөзі