Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ- МИНИСТРІ САЯТ ШАЯХМЕТОВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ


24 мая 2013, 16:56 | 992 просмотра



Білім ведомствосының баспасөз қызметі хабарлағандай, үйқамақта отырған ҚР білім және ғылым вице- министрі Саят Шаяхметов бұл қызметінен Үкімет қаулысымен ағымдағы жылдың 8 мамырында босатылған.

Үкіметтің 2013 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен ҚР білім және ғылым вице- министрі С.Б.Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. Министрліктегі жұмысы оң сипатталып отыр. Кез келген адамның кінәлі немесе кінәсіз екендігін сот органдары шешеді, осы негізде ғана тиісті қорытындылар шығарып, түсіндірме беруге болады», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 29 сәуірде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Өскемен қаласындағы 700 оқушыға арналған білім мекемесінің құрылысы кезінде 1,5 млрд. теңгеге жуық сомадағы бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Осы жылғы 14 мамырда аталған қылмысты жасауға күдікті ҚР білім және ғылым вице- министрі С.Шаяхметов пен «ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды. 17 мамырда сот санкциясымен Шаяхметов үйқамаққа алынды, Пак - тұтқындалды. Бұдан бұрын осы қылмысқа қатыстылығына айыпталып, «ЗАК Сервис» ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреев тұтқындалған болатын.

Қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ОҚО КӘСІБИ ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ДИПЛОМ САТУМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН

- Кентау қаласындағы №7 кәсіби лицейі директорының орынбасары алаяқтығы үшін сотталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс Кентаудағы сотта қаралды. Тергеу мәліметтері бойынша айыпталушы жергілікті екі тұрғынға оқудан өтпей-ақ «ағаш ұстасы» және «аспаз» мамандықтары бойынша куәлік сатып алуды ұсынған. Сотталушы әр аттестатты 50 мың теңгеге бағалаған.

Оқытушы өз автокөлігінде 30 мың теңге алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталған. Кейін анықталғандай, оның сатқан куәліктері қолдан жаслған болып шыққан. Сот сотталушыны айыпты деп таныды және оған 2 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.