Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Күшейткіш үстеу


11 марта 2010, 23:41 | 11 915 просмотров



Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: күшейткіш үстеуді деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы анықтамасын Оқушылардың өздері табуына бағыт беру;

ә) Дамытушылық: күшейткіш үстеуге

Байланысты денгейлік тапсырмалар беру дамыту, үстеудің басқа түрлерінен ажырата алуға үйрету;

б) Тәрбиелік:оқушыларды тәрбиелеу;

Оқушының міндеті: 1) күшейткіш үстеу туралы толық мағлұмат алады.

2) сөз мәдениеті және сөйлеу қабілеті дамиды.

3) топта жұмыс жүргізе отырып қорытынды шығарады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: арнайы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі:тақта, сурет, оқулық, кесте, карточка, плакат, сызба,тест.

Сабақтың өтілу барысы;1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу,түгендеу

Үй тапсырмасы: Сұрақ-жауап әдісі.Алма ағаштағы алмалардың келесі бетіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды кәрзенкеге жинау;

Сұрақтар:

1. Үстеу дегеніміз не

2. Мезгіл үстеу дегеніміз не

3. Үстеудің мағынасына қарай неше түрі бар

4. Мекен үстеуі дегеніміз не

5. Сын –қимыл (бейне) үстеуі дегеніміз не

6 .Мөлшер үстеуі дегеніміз не

7. Күрделі үстеулер қалай жасалады

8. Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп келеді

9. Үстеудің құрамына қарай неше түрі бар

10. Қайдан? Қайда?Сұрақтары қай үстеудің сұрағы?

ІІІ. Жаңа сабақ: Блум жүйесі

Білім.

Қалай? Қалай?

Өте әдемі, тым биік, әбден шаршаған, мүлдем жүдеу;

Сұрақ 1.Күшейткіш үстеу қандай сөз табымен тіркесіп тұр? Қандай шырай түрін жасауға негіз болып тұр, қимылдың іс-әрекеттің белгісін қалай көрсетеді?

Ереже шығарту: 1. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді.Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады.

2. Күшейткіш үстеудің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді.

Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Түсіну. Кітаппен жұмыс.

Тақтаға бір оқушы шығады. 285-жаттығу.

Қатты құлпырып алған, мүлдем шаршаған болатын, аса үлкен, ең қадірлі, өте әдемі, мүлдем жүдеу екен, тіпті тірлік белгісі жоқ.

(Қалған оқушылар орнында дәптерге жазып,қалай орындағаның тексереді)

Талдау. Осы жаттығудағы күшейткіш үстеулердің қандай сөзбен тіркесіп тұр-ғанын ажырату. Өте,төмен, ....

ІҮ. Жинақтау.Тақырып бойынша ойымызды жинақтайық. Кубиктің (шаршының) алты жағындағы тапсырманы орындау.

Ү. Пысықтау. (карточкамен жұмыс)

А) Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеуді қойып жаз.

1. Сырмақ тігу өте күрделі, оны құрастырушы шебердің талғамы мен ой-өрісі тым биік болуы керек.

2. Қазақ-аса қонақжай халық.

3. Ерлан - нағыз батыр екен.

4. Камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса сапалы кездемелерден тігіледі.

5. Киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі шаңырақ деп аталады.

6. Айгүл ылғи бестік баға алады.

Ә) Үстеулердің қай сұраққа сәйкес жауап беретіндігін нүктелерді қосу арқылы көрсет.

Ертеден. . Қайда

Төмен. . Қалай

Әрең. . Қашаннан

Бірталай . . Кімше

Балаша . . Қаншама

ҮІ. Бекіту

Семантикалық кесте.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен, газет-журналдардан күшейткіш үстеулерге мысалдар келтіру.

Автор:
А.К. АБДИКАРИМОВА, Жетісу орта мектебі,Ескелді ауданы