Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ ТІРШІЛІГІ


7 июня 2013, 11:02 | 7 406 просмотров



Мақсаты:

1.Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

2.Бір – біріне қамқор болуға , адалдыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу.

3.Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету, слайдтар.

Сөздік жұмысы: апаң,баспана ің.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Балалар: Өлең жолдарын айтып шеңберде бір – біріне қуана қарайды.

Тәрбиеші: Балалар жұмбаұтар шешіп көрейік, мұқият тыңдап ойланыңдар.

1.Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы

Алады одан қан құйып,

Елік емес бұл дағы (бұғы)

2.Қу екен аңдардың

Бір сәтте алдандым. (түлкі)

3.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

Балалар: Жұмбақтың шешуін айтады.

Тәрбиеші: - Балалар , қыс мезілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқы азық жинайды.

Мысалы: аю қыста ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады.. Борсық пен кірпіде ұйқыға кететін жануарлар. Қояндар мен бұғылар қысқы азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкі мен Қасқыр – жыртқыш аң Олар өздеріне әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді. Ал балалар түлкі өте қу түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы – тышқан. Тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.

Балалар: Тыңдайды түсінбеген жерлерін сұрайды.

Тәрбиеші: Дәптердегі тапсырманы орындау.

Тиін ініне қандай азықтар жинап алады? Қоршап сыз.

Балалар: Дәптердегі тапсырманы орындайды .

Тәрбиеші: Балалар осы жануарлар туралы қандай «Буын ұқсасын» білеміз.

Балалар:

-Ян-ян-ян

Қалқан құлақ қоян.

-Қыр-қыр-қыр Көкжал қасқыр.

-Ю-ю-ю Ақ аю.

-Кі –кі-кі Қу түлкі.

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма – жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

Тәрбиеші: Ал балалар Әбділда Табылдының «Ақ аю» өлеңін ендеше мұқият тыңдандар.

Ақ қар, мұз тау етегі-

Ақ аюдың мекені.

Балық іздеп айдыннан .

Балпаң – балпаң етеді.

Ендеше Ақ аю өлеңін менімен қайталап жатқа айтайық.

Балалар: Өлең жолдрын жаттайды.

Тәрбиеші: Өлең не туралы айтылған екен?

Балалар: Ақ аю туралы айтылған

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Қар бетіне түскен жануарлардың іздерін қара. Әр қайсысының ізін сызық арқылы қөрсет.

Балалар: жануарлардыңіздерді сызық арқылы көрсетеді

Тәрбиеші: Балалар енді «Қысқы баспана» ертегісін тамашалайық.

Балалар: ертегіні тамашалайды.

Сабақты қортындылау:

«Ақ аю» өлеңін 1-2 балаға жатқа айтқызу.

Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы пысықтау.

1. Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?

2. Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?

3. «Қандай жануар?» дидактикалық ойын:

Шарты: балалар бір – бірден слайдтағы пішіндерді таңдайды , сол пішіннің ашылады онын ішінде жасырулы тұрған аңдардың суретін айтып сол аңдардың қысқы тіршілігі туралы айтады.

Балаларды мадақтау.

Автор:
Жұлдыз УШКЕМПИРОВА "Қапшағай қаласы әкімдігінің Шеңгелді ауылындағы "Ақбота" балабақшасы" Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын Тәрбиешісі