Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ОРАСАН ЖЕМҚОРЛЫҚ


7 июня 2013, 11:15 | 1 504 просмотра



Еңбекшіқазақ ауданындағы Балтабай орта мектебінің директоры Б.Әбдірахманов 2010 жылдың қаңтарында өзі басқаратын ұжымға бас есепшілікке бұрын да заңға қайшы әрекеттерімен жаманатты болған С.Қосуақованы алғанда не ойлаған?

Бас есепшіге мектеп ұжымына еңбекақы төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды түсіріп тұруға қатысты жауапкершілікті жүктеп, аудандық қазынашылық бөліміне жалақы алушылардың тізімі тіркелген электронды тасығышты ұсынуға және оған электронды санды түрде қол қоюға сенім білдіреді. Бұған дейін де қомағайлығының «ар¬¬қасында» жазалы болған Қосуақова жауапкершілікті бірден жеке басының мүддесіне пайдалануға белсене, екі білекті сыбанып тастап кіріседі. Сол жылдың наурызында өзінің күйеуі¬нің туысы болып келетін Рысхан Рахимо¬ваны мектепке жұмысқа аламын деп шақыртып, жеке куәлігінің, СТН-нің көшірмелерін алады да, оның атына есепшот пен банктің төлем карточкасын ашады. Іс жүзінде туысын жұмысқа алмаған. Осылайша, қалтасының қамын басты мақсаты етіп алған бас бухгалтер 2010-2011 жылдар мен 2012 жылдың алғашқы жартжылдығында аудан¬дық қазынашылық бөліміне жалақы алушылардың тізімін электронды тасығыш арқылы ұсыну барысында мектепте мүлде жұмыс істемейтін және қызметтен шығып кеткендерді де тізімге қосады да, мемлекеттің миллиондаған қаржысын емін-еркін пайдаланады. Араны ашылғаны соншалық, ойдан шығарылған жалған қызметкерлердің атына түрлі жәрдемақы мен іссапар қажеттілігіне де ақша аударып, қалтасына салып отырған.

Басшының «байқамауы» және тағы басқалардың көз жұма қарауы кесірі¬нен бір ғана орта мектепте екі жарым жылда бюджетке 14 миллион 582 мың теңге зиян шектіріп, онсыз да түбі көріне бастаған мемлекет қазынасының қаржысын та¬лан-таражға салған. Прокуратураның анықтауы бойынша, электронды тасы¬ғыштағы тізімде көрсетілген 64 мұға¬лім мен жұмыскер өздері алды деп көр¬се¬тілген 6 миллион 770 мың теңгенің көлеңкесін де көрмегендерін айтып зар қақсаса, директор бастаған, бас бухгал¬тер мен тағы басқа да лауазымды тұлға¬лар қостаған топ миллиондарды заң¬сыз алып, мұрттарын майлаған. Басқа¬ны айтпағанда, Қосуақованың өзі ғана 2 жыл алты айда 2 миллион 588 мың теңгені жымқырған.

Прокурорлық тексеру кезінде бас бухгалтер Қосуақованың бұрын да қар¬жылық қылмыстары үшін екі рет сот¬ты болғаны анықталыпты. Іле аудବ¬нында жүргенінде бірінші рет сот үкіміне сай ҚР-ның ҚК-ның 177-бабының 3-бөлімінің «б» тармағымен 5 жылға бас еркінен айырылғанымен, жас балалары болғандықтан жазасын өтеу кейінге қалдырылады. Осыған қарамастан аз ғана уақыттан соң тағы да сол Іле аудандық сотының үкімімен, тағы да сол сыбайлас жемқорлыққа қатысты баппен сотты болып, 6 жылға сотталып, балалары жас болғандықтан тағы да қамалмай қалады. Осылардың барлығынан қорытынды шығарма¬ған Қосуақова ретін тауып тағы қаржылық қызметке орналасады да, қайталай қылмысқа ұрынып, сыбайластыққа барады. Мектепке бөлінген мемлекет қаржысына шеңгелін салады. Ақыры, жемқорлықтың жетегінде кеткен бас бухгалтерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің «б» тармағында көрсетілген қылмысты жасағандығы үшін айыпты деп таныған Еңбекшіқазақ аудандық соты оны 3 жылға бухгалтерлік қызмет атқару құқынан айырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып соттады.

Автор:
Болат АБАҒАН Алматы облысы