Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

VISUAL BASIC – ТІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ


14 июня 2013, 04:58 | 2 857 просмотров


Мақсаты: VISUAL BASIC тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолдана

отырып, геометриялық пішіндермен жұмыс істеу, оларды қозғалысқа келтіру , геометриялық пішіндерді салуға арналған операторлардың қолдану тәсілдерін, олардың жазылуын түсіндіру, информатикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, ең бастысы осы ғылым негізімен тікелей байланысты мамандықтар әлеміне баулу.

Міндеттері:

1. Информатика ғылымына деген танымдық қызығушылығын арттыра отырып, кәсіптік бағдар туралы мағлұмат алу.

2. Ақпараттық технологияны пайдалану барысында, өз бойына шығармашылық іздену қабілетін шыңдау.

Өзектілігі:

Оқушылар ақпараттық мәдениетті бойына сіңіре отырып, компьютерлік графика жөнінде толық мағлұмат жинақтауды, мұғалім мен оқушы арасында бірлік одағы қалыптаса отырып, алгоритмдік ойлау қабілеттерін шыңдайды.

Кіріспе

Visual Basic тілінде графикалық әдістердің және графикалық объектілердің қатысы бар графикалық құралдар деп аталатындар бар. Графикалық әдістерді қолдана отырып, суреттерді салу жолдарын көрсетеді. Графикалық суреттерді қозғалысқа түсірудің әдістері қарастырылады. Графикалық элементтерді сызуда Line және Circle әдістері орындайды. Line және Circle әдістерімен қолданып, суреттерді қозғалысқа түсірілді. Екінші әдісте осы Visual Basic бағдарламасында пішіндер терезесінде геометриялыөқ пішіндерді қозғалысқа түсірдік. Графикалық бетте сызылатын сызықтардың түсін, стилін, қалыңдығын Fore Color Draw Style және Draw Width қасиеттері анықтайды. Line және Circle әдістерімен графикалық бетте сызылған геометриялық фигуралардың ішкі аймағын бояудың түсін және тәсілін Fill Color және Fill Style қасиеттері анықтайды.

Әдісті шақыру нұсқауы жалпы түрде мына төмендегідей болады:

Объект. Әдіс;

Объект. Қасиет.

Мұнда Пішін мен Графикалық терезе класындағы қандай да бір объектіге қолданылатын графикалық әдістердің синтаксисі және семантикасы қарастырылады:

•Scale әдісі (берілген объектіге масштаб орнату );

•Pset әдісі (берілген объектіге нүкте салу);

•Line әдісі (берілген объектіге кесінді немесе тіктөртбұрышты салу);

•Circle әдісі (берілген объектіге шеңбер, дөңгелек, эллипс, доға, сектор тәрізді геометриялық пішіндер салу);

•Cls әдісі (берілген объектіге барлық салынған немесе бұрын терілген кескіндерді тазарту).

Scale және Pset графикалық әдістері.

Scale әдісі объектіге жаңа координата жүйесі тағайындалған жағдайда есепті шешеді. Әдістің синтаксисі мына төмендегідей болады:

(объект аты) Scale (х1,у1)- (х2,у2)

Мұнда:

(х1,у1)-объектінің сол жақ жоғарғы бұрышының жаңа координаталары

(х2,у2)- объектінің оң жақ төменгі бұрышының жаңа координаталары

Pset әдісі.

Әдістің синтаксисі мына төмендегідей болады:

Pset(х,у), түсі

(х,у) – экрандағы кішкентай түсті дақтың координаталары.

Түсті әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

•Түсті анықтайтын сегіз тұрақтының (VbBlack - қара, VbBlue – көк, VbGreen – жасыл, VbCyan– көгілдір, VbRed – қызыл, Vb Yellow – сары, VbWhite – ақ) көмегімен;

•Аргументі 0-ден 15 –ке дейінгі, ал нәтижесі 16 негізгі түстің біріне сәйкес келетін QBColor функциясының көмегімен;

Line әдісінің көмегімен кесіндіні және тіктөртбұрышты салу

Line әдісі мынадай мүмкіндіктер береді:

• Осы әдіс қолданылатын объектіде түзу сызық кесінділерін сызу;

• Осы объектіде боялған немесе боялмаған тіктөртбұрыштар бейнелеу.

Line әдісінің синтаксисі төмендегідей болады:

Line(х1,у1)-(х2,у2), түсі

•(х1,у1)-(х2,у2) параметрі – бұл кесінді шекарасының немесе тіктөртбұрыштың екі бұрышының координаталары. Бұл абсолют координаталар немесе масштабпен орнатылған координаталар;

•Түсі параметрі – бұл Visual Basic тілінде қандай да бір кодталатын сандық өрнек.

Line(200,400)-(2200,200), 255 – жіңішке қызыл горизонталь кесіндінің бейнесі;

Line(200,400)-(200, 1400),VbCyan – орташа қалыңдықты, қызыл көлбеу кесіндінің бейнесі;

Line(200,400)-(200, 1400),,В – боялмаған тіктөртбұрыштың бейнесі;

Line(200,400)-(200, 1400),,ВF - боялған тіктөртбұрыштың бейнесі;

Circle әдісі

Circle әдісімен шеңбер, эллипс немесе доға салуға болады.

Circle (х,у), радиус, түсі, бұрыш1, бұрыш2, сығу коэффициенті.

Әдістің параметрлерінің мағынасы мынандай:

(х,у) – объектіде жасалынатын дөңгелектің немесе эллипстің центрінің координаталары;

Түсі – бұл Line әдісі үшін қалай анықталса, дәл солай анықталатын әдіс;

Бұрыш1 және бұрыш2 – бұл доғаның немесе сектордың бастапқы және соңғы бұрыштары;

Бұрыштар радианмен өлшенеді. Олардың мәндері 0 мен 2п аралығында жатыр. Нөлдік бұрып оңға қарай бағытталған горизонталь оське сәйкес келеді. Егер бұрыштың нөлдік мәнінің алдына «-» таңбасы қойылатын болса, онда ол сектордың салынатындығын білдіреді. Доғаны немесе секторды салғанда «қалам» ұшының қозғалысы барлық уақытта Бұрыш1-ден Бұрыш2-ге қарай сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады.

Егер дөңгелектің немесе эллипстің доғасы және секторы бейнеленбестен, толық дөңгелек немесе эллипс бейнеленетін болса, онда Бұрыш1 және Бұрыш2 болмайды.

Сығу Коэффициенті параметрі – бұл бірден үлкен немесе кіші оң сан. Бірінші жағдайда вертикаль бойымен созылған, ал екінші жағдайда горизонталь бойымен сызылған эллипс алынады. Созылу дәрежесі Коэффициент мәнімен анықталады.

Shape элементі тіктөртбұрыш, шеңбер және эллипс фигураларын салатын оператор.

Бұл геометриялық пішіндерді салу үшін Visual Basic-тің терезесіндегі сол жақ бөлігіндегі Shape элементін таңдаймыз. Жұмыс ортасында тіктөртбұрыш салынады, басқа да геометриялық пішіндерді салу үшін қасиеттер терезесіндегі Shape қасиетіне барып өзгертуге болады.

BorderWidth – сызықтын қалындығын өзгертеді, BackStyle – құю түсін өзгертеді, BorderStyle – сызықтын стильін өзгертеді, BorderColor – сызыктын түсін өзгертеді, FillStyle – пішіндерді толтыру стильі.

Left-графикалық элементтерді оңға және солға қозғалтады.

«+» - графикалық элементтерді оңға қарай қозғалтады.

«-» - графикалық элементтерді солға қарай қозғалтады.

Top-графикалық элементтерді үстіге және астыға қозғалтады.

«+» - графикалық элементтерді астыға қарай қозғалтады.

«-» - графикалық элементтерді үстіге қарай қозғалтады.

Ракетаның қозғалысқа түсіру бағдарламасы

Бұл программада арнайы тіктөртбұрыш, сызық, шеңбер салу әдістері берілген. Осы әдістерді қолданып, суреттер салынды. Y=49 нүктесінен бастап Y=650 нүктесіне аяқталады.

For I = 1 To 4000000 бұл объектінің қозғалу жылдамдығы.

QbColorәдісі түсті таңдауға мүмкіндік береді.

Scale (0, 400)-(600, 0)

For y = 49 To 650

Line (230, y - 10)-(250, y)

Line (250, y)-(270, y - 10)

Line (230, y - 10)-(270, y - 110), , B

Line (230, y - 30)-(270, y - 100), , B

Line (230, y - 40)-(270, y - 80), , B

Line (230, y - 15)-(240, y - 20), , B

Line (245, y - 15)-(255, y - 20), , B

Line (260, y - 15)-(270, y - 20), , B

Line (230, y - 110)-(230, y - 140)

Line (270, y - 110)-(270, y - 140)

Line (230, y - 140)-(210, y - 210)

Line (230, y - 140)-(240, y - 180)

Line (210, y - 210)-(290, y - 210)

Line (250, y - 140)-(230, y - 210)

Line (250, y - 140)-(270, y - 210)

Line (270, y - 140)-(260, y - 175)

Line (270, y - 140)-(290, y - 210)

For I = 1 To 4000000

Next I

Line (230, y - 10)-(250, y), QBColor(15)

Line (250, y)-(270, y - 10), QBColor(15)

Line (230, y - 10)-(270,y -110), Color(15), B

Line (230, y - 30)-(270, y - 100), Color(15), B

Line (230, y - 40)-(270, y - 80), Color(15), B

Line (230, y - 15)-(240, y - 20), Color(15), B

Line (245, y - 15)-(255, y - 20), Color(15), B

Line (260, y - 15)-(270, y - 20), Color(15), B

Line (230, y - 110)-(230, y - 140), QBColor(15)

Line (270, y - 110)-(270, y - 140), QBColor(15)

Line (230, y - 140)-(210, y - 210), QBColor(15)

Line (230, y - 140)-(240, y - 180), QBColor(15)

Line (210, y - 210)-(290, y - 210), QBColor(15)

Line (250, y - 140)-(230, y - 210), QBColor(15)

Line (250, y - 140)-(270, y - 210), QBColor(15)

Line (270, y - 140)-(260, y - 175), QBColor(15)

Line (270, y - 140)-(290, y - 210), QBColor(15)

Next y

Қорытынды:

Сонымен өзімнің жұмысымда мен Visual Basic тілінде графикалық әдістердің және графикалық объектілердің қатысы бар туралы жалпы мағлұматтарды келтірдім. Оның жұмыс істеу принциптері, негізгі сипаттамаларына тоқталдым. Дегенмен, бұл тамаша программаның мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Мен графиктік әдістердің екі тәсілін қолданып, суреттерді қозғалысқа түсіру әдістерін меңгердім. Оның бір тәсілі осы жобада берілген геометриялық пішіндерді қозғалысқа түсіру болса, екінші тәсілі графикалық әдістер LINE, CIRCLE қолданып суреттерді қозғалысқа түсірдік.

Осы курстық жұмысты жазу барысында Visual Basicграфиктік программасыныңнегізгі құралдарымен, әртүрлі командаларымен таныстым.

Visual Basicграфиктік программасының басқа графиктік программалардан артықшылығы:

- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әдістердің көмегімен анимациялық эффекттер құруға болады.Жобаны жазу барысындаграфикалық әдістердің түрлерін қолдана отырып, суреттерді әр түрлі бағытта қозғалысқа түсіруге болатынын зерттеп, үйрендім.

Автор:
Мәди СЕЙСЕМБЕК Жанарыс НАУРЫЗБАЙ 9 «А» сынып оқушылары Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі Ғылыми жетекшісі Акпарова А. Б. Шет ауданы Қарағанды облысы