Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Құрметті ұстаздар қауымы!


28 августа 2009, 11:28 | 2 674 просмотра



Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Соңғы жылдары білім мен ғылымның дамуына, келешегіміздің кепілі- жас ұрпақтың сапалы да салиқалы білім алуына мемлекет тарапынан ерекше қамқорлықтар жасалуда. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп отырған сындарлы саясатының жемісі. Биылғы жылы мемлекет басшысының тікелей бастамасымен білім саласына бағытталған көптеген іс-шаралар қолға алынды және де ол игі бастамалар өз жемісін берді де. Елімізде «Жол картасы», «Жасыл ел», «Мектепке жол» бағдарламалары аясында айтарлықтай мол істер атқарылды. Біздің облысымызда бұл бағдардан қалыс қалмады. Облысымыздың басшысы Серік Әбікенұлының қолдауымен жаңа мектептер, балабақшалар салынып, көптеген білім ұйымдарының ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Оқу орындары замануи жаңа құралдармен қамтамасыз етілді. Жазғы демаласы кезінде оқушылар мен студенттердің дұрыс демалуына оңтайлы жағдайлар жасалды. Жұмысқа қабілетті оқушылар мен студенттер аталған бағдарамалар аясында көтерме жұмыстармен қамтылып, олардың оқу дайындығын жасап алуларына мол мүмкіндіктер туды.

Ағымдағы оқу жылында білім саласының өркендеуіне бұрын-соңды болмаған мол қаржы бөлінді. Білім саласына мемлекет, облыс басшылығы тарапынан жіті көңіл бөлініп отырғандықтан болар, ұстаздар қауымы да жаңашыл бағытта ынтамен еңбек етуде. Оған түрлі республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген шәкірттеріміз куә.

Бүгінгі айтулы мереке қарсаңында Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге толайым табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Автор:
Құрметпен: Л.Т. Базарқұлова, Алматы облыстық білім басқармасының бастығы