Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"ДВОЕЧНИКТЕРГЕ" АРНАЛҒАН ҚАЛАМСАП


14 июня 2013, 07:20 | 1 969 просмотров



Бүгінде көптеген адамдар қалам алып қағаз бетіне жазудан бас тартып жатады. Себебі, ара-тұра кездесіп тұратын қателіктер қаламсап иесін бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Оның үстіне үстел үстіндегі заманауи технология өзіне еріксіз тартып, бүкіл қателіктеріңіздің ізін суытып, бар жағдайды жасауға тырысқан.

Таяуда "Lernstift" ағылшын фирмасы қағаздағы қателікті табуға арналған қаламсап ойлап шығарды.

Өнертабыс иелері жаңа қаламсапты жастарға арнап шығарған. Әсіресе, енді-енді жазуға бет бұрып келе жатқан мектеп оқуышылары басты нысанда болған екен.

Қаламсап әлі де жаңартылу үстінде. Шынайы өмірде тұрақты қолданысқа ену үшін аз-маз өзгертулер керек. Анықтау жүйесі кең әрі толық көлемде қарастырылмақ. Ерлі-зайыпты Фалька мен Мэнди Вольски алғашқы сынақты да өткізіп көрді.

Осы жылдың ақпан айының соңынан бастап қаламсапты жасап шығару мәселесі бір ізге қойылмақшы. Әзірге, кеңселік тауарларды шығаратын компаниялармен шарт жасасып жатқан көрінеді.

Автор:
massaget.kz