Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТУ, ЕЛТАҢБА ЖӘНЕ ӘНҰРАН


21 июня 2013, 04:42 | 2 108 просмотров



Тұғырым – Көк байрақ. Әнұран – мол қайрат. Елтаңбам – жұртқа айбат. Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқай орындалғанда, ата- бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенімізге шүкіршілік айтып, толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл болмас, сірә! 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. Осыдан 21 жыл бұрын Президент Қазақстанның Туы, Елтаң¬басы және Әнұранының заңна¬ма¬лық мәртебесін белгілейтін тұң¬ғыш заңға қол қойды. Содан бері республика жұртшылығы мем¬ле¬кеттік рәміздеріміздің мерейлі кү¬нін асыға күтіп, жоғары көңіл-күймен атап келеді. Осынау айтулы датаны лайықты қарсы алуды біздің ұжым әркез басты борыш, асқақ парыз санайды. Жас ұр¬паққа патриоттық тәр¬бие беруде мемлекеттік рәміз¬дер¬дің алатын орны ерекше. Еңселі оқу ордасында көптеген жақсы дәсүрлер мен рәсімдер қалыптасқан. Солардың бірі – Н.Назарбаев атап өткендей, «мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұ¬мылдыру». Бұл орайда, Тәуелсіз¬дігіміздің ұлттық қадірін, киелі қасиетін айттырмай ұқтыратын, жүрекпен сездіретін мемлекеттік рәміздерімізді насихаттауға барынша екпін, басымдық беріп ке¬ле¬міз. Әр мерекелерімізді мемлекеттік ән¬ұранды айтудан бастаймыз. Мем¬лекеттік туды көтеру құрметіне оқуда үздіктері тәртібі үлгілі оқушылар ие болады. Қойлық ауылы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Б.М.Абдыбаев, кітапханашы А.Х.Жаникенова, 8 сынып жетекшілері А.Ш.Ахтанова, Р.К.Текебаева, К.С.Кыдырмановалар «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- болашақтың міндеті» атты диспут ерекше бір көңіл- күймен мектепте аталып өтті. Бұл мереке әрбір оқушының жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда маңызы аса зор . Лайым, мемлекеттілігіміз бен тәуел¬сіздігіміз мәң¬гі¬лік болғай. Ал елді¬гімізді айшықтайтын басты рәміздеріміз жарқырап тұра берсін.

Автор:
К.С. КЫДЫРМАНОВА М.Жұмабаев атындағы орта мектептің Информатика пәнінің мұғалімі