Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЗАТТЫҢ САНЫНЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕР


21 июня 2013, 04:46 | 1 926 просмотров


Мақсаты:

а) Оқушыларға Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтары заттың санын дұрыс игертіп үйрету, түсінік беру, халқымыздың мақтанышы «Әулие анамыз» туралы мәлімет беру.

ә) Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) Қасиетті адамдық құдіретіне деген сенімін арттыру, іскерлік шеберліктерін дамыту.

Көрнектілігі: «Домалақ ана» кесенесі ( суреті), сөзжұмбақ, ойын кесте. Үнтаспа « Домалақ ана»

Түрі: ертегі сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап түсіндіру.

Пән аралық байланыс: математика, ән, әдеп.

Типі: жаңа сабақ

Стратегиясы: «Ойқозғау» « Топтастыру», «Өзің үшін жазу»

Барысы:

I. Ұйымдастыру: (психолгоиялық дайындық)

II. Үй тапсырмасын сұрау.

- Өнерлі жігіт мәтінінде кім туралы айтылған?

- Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?

- Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақты «Шалқан» ертегісі бойынша өтеміз.

Заттың

Аты Қимылы Сыны Саны

Аю Не істеді? Қандай? Неше?

Не қу ды айбарлы бір

а) Айбарлы Аю ( талдау) 136 – жаттығу

Көп нүтенін орнына сөз қосып жазу

ә) Үнтаспадан « Домалақ ана» өлеңін тыңдау.

б) Мұғалім түсіндіруі: Ақылды, көрген, халық анасы

- Нурила қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі – атақты Қожа Ахмет Иассауидың алтыншы ұрпағы. 10 жасында көріпкел Әулие атанған. Оның кесенесі Қаратаудың күнгей бетінде Балабөген өзені аңғарында.

в) Оқулықпен жұмыс:

«Домалақ ана» ( мәнерлеп оқу)

г) Өзіндік жұмыс:

137 – жаттығу

Сұрақ – жауап арқылы пысықтау

IV.Үйге тапсырма:

134-жаттығу, ереже жаттау, өлең жаттау.

V.Қорытынды:

Білімдерін бағалау, мадақтау.

Автор:
Жанар МАКУЛБЕКОВА Жаңатілеу орта мектебі, МДШО КММ бастауыш сыныптың мұғалімі Ақсу ауданы