Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЗАҢ БІЛІМІ-ЗАМАН ТАЛАБЫ


21 июня 2013, 04:51 | 2 043 просмотра


Сыныптан тыссабақтың мақсаты:Оқушылардың құқықтық ізгілік,

адамгершілік принциптерін ұстану арқылы өмір сүруге үйрету.

Көрнекілігі: Еліміздің картасы, Қазақстан Республикасының рәміздер,

Ата заң, Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы

заң, Сөзжұмбақ «Тәуелсіздікке 20 жыл», қабырға газеттері,

тәуелсіздік шежіресі, заңға байланысты нақыл сөздер.

Нақыл сөздер: «Заң өз күшінен айырылған жерден жауыздық басталады.»

Т.Фуллер.

«Жамандық үлкен болсын, кіші болсын, оны жасамау керек»

Эзоп.

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

Б.Момышұлы.

«Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Сабақтың түрі:Тренинг-сабақ.

1.Кіріспе.Мұғалім сөзі.

Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады. Сонымен, ел аузынан «Жетелі елдің жеті белгісі» деген сөз бар. Тәуелсіздікті айқындайтын белгілер, еліміздің жеті белгісімен 5а сынып оқушылары таныстырады.

2.Еліміздің жеті белгісі.

1-оқушы:Мадина.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бөлім 9-бабында былай делінген.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар.

2.1.Қазақстан Республикасының рәміздері:

2-оқушы:Елмұрат.

Қазақстан Республикасының Туы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Күн шұғыла, қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында, қызыл түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

3-оқушы: Дана.

2.2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бөлім 7-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі делінген.

4-оқушы:Аяулым.

2.3.Қазақстан Республикасының Ата заңы:

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Президенттің төрағалығымен Ата Заңды дайындау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Ол комиссия 1,5 жыл бойы жұмыс істеді. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды.

5-оқушы: Ақниет.

Еліміздің Конституциясы – адам құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамдық даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының балалар құқығы заңмен қорғалған.

6-оқушы:Құрмет.

2.4.Қазақстан Республикасының төл теңгесі:

1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның төл ақшасы теңге айналымға өтті.

6-оқушы: Тоғжан.

2.5.Қазақстан Республикасының халқы:

2011 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16,4 млн. Адамды құрады. 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ол 1,5%-ға өсті. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (52686 адамға), Астана «47737) және Алматы (37457 адамға) қалаларында, ал оның азаюы Солтүстік Қазақстан облысында минум 3605 адамға) байқалды.

7-оқушы: Жансерік.

2.6.Қазақстан Республикасының шекарасы:

Қазақстан-әлемдегі ең үлкен құрылық, Еуразияның дәл ортасында орналасқан. «Қазақстан-Еуразияның кіндігі» деп тегін айтылмаған. Картаға бір қарағанда –ақ еліміздің дүние жүзіндегі ең үлкен аумағы бар мемлекеттерді ңбірі екенін байқаймыз. Қазақстан жер көлемі жағыгаг 9-шы орын алады. Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания сияқты Еуропаның дамыған елдерінің жер көлемі Қазақстан аумағына еркін сыйып кетеді. Қазақстан шекарасы 15 мың шақырымға созылып жатыр. Еліміздің жер көлемі 2 миллион 724,9 мың шаршы шақырым. Бір шаршы шақырым жерге 6 адамнан келеді. Қазақстан батысынан шығысына дейін 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстігіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Қазақстан Орталық Азия материгінде орналасқан солтүстігі мен батысында Ресеймен, оңтүстік шығысында Қытай елімен шектесіп жатыр. Елордасы – Астана қаласы.

8-оқушы:Тоғжан.

2.6.Қазақстан Республикасының әскері:

1997 жылы 7 мамырда Республика Президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды. 1997 жылдың қарашасынан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, әуе кеңістігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады

6.Сөзжұмбақ.

1.Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?

2.Құқықтың түрі.

3.Егемендік.

4.Жоғарғы палата.

5.Мемлекет билігінің қайнар көзі.

6.Төменгі палата.

7.Қазақстан Республикасынының нешінші Конституциясы

қазірпайдаланылады?

8.Құқығы бар ел тұрғыны.

7.Тәуелсіздік шежіресі

7а сынып оқушылары әр жылда болған тәуелсіздік шежіресімен таныстырады.

5.Ойын: «Сиқырлы жіп».

«Бұл-сиқырлы жіпше», дейді мұғалім, -«Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп-өмір». Жіп қолымызға түскен кезде, өткен тренинг-сабақтан қандай әсер алдыңыз, нені есте сақтап қалдыңыз?

Соны бір-екі сөзбен айту керексіз. Бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады. Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар! Жіп оралып қалмау керек. Өмірді қайта сүре алмаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Автор:
Майра АУЕСБАЕВА «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия МДШО » мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Жаркент қаласы, Панфилов ауданы