Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛМАТЫДА АҚШ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


21 июня 2013, 04:59 | 1 685 просмотров



АҚШ-та 4 мыңнан астам университет бар, сіздің қызығушылығыңыз бен мақсаттарыңызға қарамастан, қажетті білім алу бағдарламасын таба аласыз. Бұл туралы бүгін Алматыда АҚШ университеттері түлектерінің тұңғыш білім жәрмеңкесінің ашылу салтанатында АҚШ-тың бас консулы Майкл Сноуден мәлімдеді.

«Америкалық университеттер жоғары кәсіби білікті профессорлар қамтылған үздік білім беру бағдарламаларын ұсынады. Біздің еліміздегі оқуларын сәтті тәмамдаған Қазақстанның азаматтарын мақтан тұтамыз. Өздерін елдің үздік өкілдері ретінде санайтын олар Қазақстанның студенттеріне неліктен жоғары білім алу үшін АҚШ-қа бару қажеттігін түсіндіреді. Қазақстандық түлектер мен АҚШ-тың университеттері арасындағы ынтымақтастық біздің елдерімізді біріктіретін көптеген көпірлердің бірі саналады», - деп атап өтті М.Сноуден.

Шараның шеңберінде қаржылық қолдау, америкалық университеттерге құжаттарды тапсыру барысы, студенттік визаны алу, тегін академиялық кеңестер жөнінде таныстырылымдар ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Алматыдағы АҚШ бас консулдығы оңтүстік шаһардағы EducationUSA бірлесіп мұрындық болып отыр.

Автор:
ҚазАқпарат