Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛҒАШҚЫ САЛЫМДАР ҚАБЫЛДАНА БАСТАДЫ


21 июня 2013, 05:00 | 1 570 просмотров



Білім және ғылым Министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ мен «Темірбанк» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне алғашқы салымшыны тіркеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың басында Елбасымыз заң жүзінде қабылдаған Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі халықтан салымдар қабылдауға дайын. Бұдан былай лайықты білім алғысы келетін немесе балаларын оқытуға ниетті Қазақстанның кез келген азаматы арнайы білім беру салымын ашып, алдын ала және біртіндеп қаражат жинай алады.

Қазақстанның 9 банкі «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заңның талаптарына сай келеді. Қазіргі уақытта МБЖЖ операторымен ынтымақтастық туралы келісімді «Темірбанк» АҚ жасасты.

Білім беру депозитін ашу үшін қатысушы-банкпен салым шартын жасасып, 3 АЕК (5 200) теңге көлемінде бастапқы жарна енгізу қажет. Одан кейін жиналуы тиіс соманың негізінде жарналардың мерзімділігі мен мөлшері анықталады да, ақша жинақтау басталады. Білім беру жинақтау салымына банктің сыйақыларынан басқа, 5 % және 7 % мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы қосылып тұрады. 7 % жетім балалар, мүгедек балалар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың салымдарына есептеледі.

Жаңа жүйенің іске қосылуын бірнеше ай бойы асқан төзімділікпен асыға күткен салымшылар 2013 жылдың 17 маусымынан бастап салымдарын ашып, қазірден бастап өз балаларының болашағының мықты ірге тасын қалай алады.

МББЖ жүйесінің алғашқы салымшысы 15, 10 және 2 жасар үш ұлды тәрбиелеп отырған астана тұрғыны Данияр атты азамат болды. Данияр кіші ұлының атына білім депозитін ашты. Енді ол үлкен ұлдарының атына да салым ашуды жоспарлап отыр. Алғашқы салым бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшерін, яғни 5 200 теңгені (3АЕК) құрады.

Бұдан былай депозиттің жаңа түрін ашуға ниетті қазақстандықтар «Темірбанк» АҚ-ның кез келген бөлімшесінің қызметіне жүгіне алады. Осы жылдың ішінде еліміздегі басқа да банктерді жүйеге қосу күтілуде.

Автор:
ҚазАқпарат