Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮРКОЛОГ Қ. САРТҚОЖАҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ


21 июня 2013, 05:07 | 1 822 просмотра



Елордада филология ғылымдарынң докторы, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон мұралары» ІІ кітабы мен «Генезис древнетюркского рунического письма» атты монофографиясының тұсукесері өтті.

Автордың атап өтуінше, аталған еңбектерде ерте орта ғасырдағы Көк түрік империясы бүгінгі қазақ халқының тікелей ата-бабасы екендігі дәлелденген. Көк Түрік империясының билеуші тайпасы қыпшақ тайпалық одағы екені анықталып, ғылыми тұрғыда нақтыланған. Сонымен қатар байырғы түркі жазуының бастау басы ежелгі сақтардан бұрынғы, бүгінгі ғылымға аты белгісіз тайпалық одақтардан басталатыны нақты дереккөздерімен анықталған. Ол ежелгі қытайдың Чжоу, Инь хандық заманында жасалып сақталған қалайы қаңылтырдағы жазу арқылы дәлелденген.

Ғалымның «Орхон мұралары» атты кітабында осыдан 2000-1300 жыл бұрынғы көк түрік бабаларымыздың өсиеті, арман- мүддесі, айтар сөзі, дәстүр-салты, мінез-құлқы, ұлттық менталитетін қамтыған тарихи жазбалар енген.

Ал «Генезис древнетюркского рунического письма» (Көне түркі руна жазуының генезисі) атты монофография төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде ХVІІ ғасырдың екінші жартысында голландиялық Николас-Корнелисон Витсеннің ақпаратынан бастап, Н. Ядринцев, В. Радлов, В. Томсендердің және соңғы кездердегі зерттеушілердің ізденістерінің нәтижелері берілген. Екінші бөлімде б.з.д. XIV - б.з. X ғасырлары аралығында өмір сүрген ежелгі және байырғы түркі халықтарының қысқаша тарихи анықтамасы берілсе, келесі бөлімде байырғы түрік бітіг әліпбиі пайда болғаннан бастап б.з. VI ғасырдың екінші жартысында іргелі реформа жүргізілген кезеңді қамтыған. Ал соңғы бөлімде байырғы түркілердің дүниетаным философиясы, дыбыс жүйесі, фонетикасы, дыбыс үйлесім заңдылығы егжей-тегжейлі сарапталған.

Автор:
Марлан ЖИЕМБАЙ