Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1 ДЕН 10-ҒА ДЕЙІНГІ САНДАР


28 июня 2013, 09:18 | 2 408 просмотров



Мақсаты:Өтілген материалдарды қайталауға арналған тапсырмаларды ойын арқылы орындау.Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.Танымдық,шығармашылық белсенділіктерін арттыру.Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,цифлар.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн, достым.

Қайырлы күн болсын.

Сейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз.

Кілең бестік болсын.

Балалар бүгінгі математика сабағы

ерекше болмақ.Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік.

Балалар,мысықпен бірге тапсырмаларды орындап,мысықтың қатықты табуына көмектесуіміз керек.

Ендеше сендерге сәт сапар!

Мысықпен бірге сиырдың дайындаған тапсырмасын орындаймыз.

«Орналастыр»ойыны.

Сандарды өсу ретімен орналастыр.

Ағаштың тапсырмасы:

«Кім білгіш» ойыны.

Қыздардың тапсырмасы:

Сергіту сәті.

Дүкеншінің тапсырмасы:

«Кім тез есептейді?»

Сөз есептердің жауабын табады.

«Тауықтың тапсырмасы:

«Көршісін тап»

«Сандарды тура және кері»

«Тышқанның тапсырмасы»

Цифрлар қайда жасырынған?

Мақта қыздың тапсырмасы:

Санамақ айтыңдар

«Салыстыр»

Мақтақыз мысыққа не дейді?

Балалар, біз бүгінгі математика сабьағында кімге көмек бердік?

Сабаққа жақсы қатысып отырған , көмек берген балаларға мысықтың сыйлықтары бар.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне

жақсы тілектер тілейді.

Балалар ертегінің мазмұнын айтады.

Балалардың жауабы.

1,3,5,2,4,10,6,8,7,9,

2+3= 5+2= 8+1=

3+3= 6+1= 9+1=

4+3= 7+2= 5+5=

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Сылдыр,сылдыр,сырғалар,

Құлағымда ырғалар,

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5саусақ.

Саусақтарда сақина

1,2,3,4,5,6,

7,8,9,10

Орныңа тез қон.

0...2...5,6...8..

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Үйдің ішіндегі жасырынған цифрларды табады.

Балалар санамақ айтады.

Сурет бойынша жұмыс

Мысық қатықты Мақта қызға береді. Мақта қыз

мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа әдепті болып жүр –деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.

-Мысыққа

Балаларға мысықтың сыйлықтарын тарату.

Қорытынды:

Білу: Балалар түрлі есептер шығаруды білді.

Игеру: Әр дайым көмек беруге, достық қарым –қатынасты сақтауды игерді.

Меңгеру: Ертегінің мазмұның айтып беруді ,кейіпкерлердің түрлі тапсырмаларын орындауды меңгерді.

Автор:
Айымкул ЖАНЫСБЕКОВА Ж.Жапаров атындағы орта МДШО тобының мұғалімі Кербұлақ ауданы