Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАМАНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ


28 июня 2013, 15:29 | 1 021 просмотр



Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,

Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,

Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Осы бір көптен күткен күн жақындаған сайын кеудемізде туған ұя, ұшқан мектепке деген қимастық сезіміз де үдей түсуде.

Міне, біздер бүгін туған мектебімізден қанат қағып, үлкен өмір қиясына ұштық. Әрқайсымыздың жүрек түкпірімізде әр қилы арман. Сол іңкар арманның жолында үлкен қалаға білім қуып аттанбақпыз. Мектепті жаңа бітіріп, қолына аттестат алган жас талапкерлер енді қай мамандықты, қай саланы таңдаса де өз еркі. Осы орайда қай мандықты таңдаған дұрыс?

Жас талапкер қай мамандықты таңдаса да, өз жүрегінің үніне құлақ салса деймін. Ата- ананың да бұл жерде ықпалы бар. Жас талапкерлердің көбі ата- ананың көңілін жықпай, «осы салаға бар, болашақта өлмейді» деген туыстардың жол сілтеуімен, өз тілектерінен бас тартып жатады. Бірақ, өз жүрек қалауымен емес, өзгенің жол көрсетуімен оқып, білім алған талапкерден болашақта өз мамандығын сүйтетін нағыз маман шығуы да екі талай. Өзім қатарлас мектеп бітіріп жатқан құрбыларымның көбі пән мұғалімі болғанды қалап жатады. Бұл жерде олардың осы саланы таңдауына сабақ беріп жүрген ұстаздарының ықпалы зор. Мектепке алғаш қадам басып, бірінші сынып партасына отырғанда бәріміз алғашқы ұстазымызға қызыға қараймыз.Ер жете келе апайымыздың әрбір қимылы, сөзі бізді өзіне тартып, мұғалімімізге еліктеп, «Өскенде менде апайымдай жақсы ұстаз боламын» деп армандап жүреміз. Мектеп қабырғасынан ұшатын уақыт таяған сайын бәрімізде толқу басым болады. Сонымен қатар қай мамандықты таңдасам дұрыс болады деген ой да мазалайды. Егер сен мектеп қабырғасында жүріп өзіңнің нені қалайтыныңды анық білсең, онда сен бақыттысың.

Өмірде 30 мыңнан астам мамандық бар дегенді оқып-біліп жатамыз. Бұл мамандықтардың бәрінің атқарар өз рөлі бар. Алайда, осылардың ішінен өзіңнің жүрек қалауыңды таба білсең, онда өзіңді Абай атамыз айтқандай өмірдің қаланған бір кірпішімін деп санауыңа болады. Сөз соңында өзімнің құрбы, қатарластарыма «өз жүрегіңінің үнін тыңда, ол сені адастырмайды» дегім келеді. Сәт сапар Жас талапкер!

Автор:
Әсел СМАҒУЛОВА жас талапкер