Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛАШАҚ - ГҮЛДЕНУДІҢ НЕГІЗІ


28 июня 2013, 09:31 | 2 025 просмотров



Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап- ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным – жер жаннаты – жетісу өңірі. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше, алтын ұя мектебім маған ыстық..

Иә... Туған жер кімге де болса аса қымбат. Алысқа сапар шексең де ол мен мұндалаптұрады. Сағындырады. Сонысымен ол ыстық. Ержеттім деп айта алмаймын. Күні кеше ғана өскен қалам – Талдықорғандағы қазақ халқының біртуаар ақыны Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектеп- гимназиясынан орта білім алым шықтым. Бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше, алтын ұя мектебім – менің кішкентай Отаным болып қала бермек. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін.

Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Менің қалам – Талдықорған жүзден астам ұлт пен ұлыстардың мекені екенін мен мақтан тұтамын.

Автор:
Бауыржан МҰРАТҰЛЫ, Б.Жолбарысұлы атындағы мектеп-гимнасиясының 2013 жылғы түлегі. Талдықорған қаласы.