Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНДЕРІН ҚҰРУ ҚАЖЕТ


28 июня 2013, 09:44 | 2 164 просмотра



Кадр даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастырмай, сондай-ақ ғылыми және білім беру үдерістерінің ықпалдасуы негізінде білім генерациясын іске асырмай еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық тұғырнамасын құру мүмкін емес.

Қазіргі кезде аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттары әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағында бола тұра, бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Осы орайда назар аударатын бір жәйт – аграрлық жоғары оқу орындарында оқу-тәжірибелік және ғылыми-эксперименттік шаруашылықтар жоқ, бұл өз кезегінде студенттерге, магистранттарға және докторанттарға жеткілікті ғылыми және практикалық білім алуға, ал ғалымдарға толыққанды ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік бермей отыр.

Мемлекет басшысының білім мен ғылымның ықпалдасуы қағидаты негізінде мамандарды сапалы даярлау бойынша қойған міндетін орындау және Назарбаев Университетінің аграрлық сала үшін бірегей тәжірибесін іс жүзіне асыруға мүмкіндік беру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми- білім беру кешендерін құру қажет деп есептейміз. Бұл үшін бір ғылыми-зерттеу институтын бір агротехникалық университетке қанатқақты режімде беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Сынақтан өткізгеннен кейін бұл тәжірибені еліміздің басқа да аграрлық жоғары оқу орындарына тарату мүмкін болатыны күмәнсіз.

Автор:
Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты.