Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕЛДЕГІ ЕҢ ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚ


28 июня 2013, 15:45 | 1 125 просмотров



Қазақстанда жалпы ұлттық мамандықтар жәрмеңкесі аяқталды, аймақтардың басым бөлігінде едәуір талап етілген мамандар дәнекерлеуші мен дәрігерлер болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, республикалық «Мамандықтар жәрмеңкесі» болған екі күнде 37 357 адам қатысты, оның ішінде 5087-сi жұмыс беруші болып табылады. Министрліктің хабарлауынша, 16 аймақтың тоғызында талап етілген мамандық дәнекерлеушілер, 6 аймақта – дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері, 5 аймақта – мұғалімдер мен білім саласының жұмыскерлері болған.

Бұдан басқа, дәстүр бойынша оңтүстік аймақтарда маусымдық жұмыскерлер мен құрылысшылар, сондайақ дәрігерлер, инженерлер мен жүргізушілер сұранысқа ие болды. Еліміздің шығыс бөлігінде, дәрігерлер мен дәнекерлеушілерден басқа, заңгерлер мен тракторшылар, тас қалаушылар қажет болып шықты. Солтүстікте жұмыс берушілер ең талап етілген мамандықтармен бірге жүргізушілерді, ал еліміздің орталық облыстарында – трактор¬шылар мен темір ұсталарын да іздеген.

«Астанада «жәрмеңкеге» 1723 адам қатысты. 54 жұмыс беруші 1000 бос орын ұсынды. Елордаға көбіне менеджер-лер – 42 бос орын, жүргізушілер – 34, дәнекерлеушілер – 18 қажет болған. 321 адам жұмысқа орналастырылды. Алматыда жәрмеңкеге 3700 адам қатысты, 120 жұмыс беруші 600 бос орын ұсынған. Соның ішінде ең көп тексерушілер – 91, дәрігерлер – 40, бухгалтерлер – 30 қажет болған. Сұранысқа орай 150 адам жұмысқа орналастырылған. Министрліктің мәліметінше, барлығы ұлттық мамандықтар жәрмеңкесінде 30 680 бос орын ұсынылып, 9255 адам жұмысын тапқан.

Автор:
Еркін ҚАЛДАН