Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АЛТЫН БЕЛГІ» ТАБЫС ЕТІЛДІ


28 июня 2013, 15:50 | 2 724 просмотра



20 маусым күні Талдықорған қаласындағы Орталық алаңда мектеп түлектеріне «Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов мектепті үздік бітірген оқушыларды құттықтап, өңірдің 100 ұл-қыздарына «Алтын белгі» және бағалы сыйлықтар табыс етті.

-Құрметті «Алтын белгі» иегерлері! Құрметті қонақтар! Бүгін баршамыз үшін өте қуанышты күн. Себебі, кеше ғана тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін үлкен өмірге қадам басып, «Алтын белгі» иегерлері атанып отыр. Баршаңызды осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті білім алуына, кәсіби кемелденуіне қамқорлық жасауда. Осы орайда «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», - деген тәмсіл сөзге назар аударып, болашақта тәуелсіз еліміз – Қазақстанның абыройы мен беделін арттыра түсесіздер деген сенімдеміз. Сіздерге өмір атты үлкен жолда сәтті сапар тілеймін. Қанаттарыңыз талмай, әрдайым биіктерге самғап, тәуелсіз еліміздің мерейін арттыратын жетістіктер мен жеңістерге жете беріңіздер құрметті, жас түлектер!, - деді облыс әкімі А.Мұсаханов.

Жалпы, биыл облысымызда 15 926 оқушы мектеп бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеудің облыс бойынша орташа көрсеткіші 71,5 баллды құрады. Тестілеуге 11 220 оқушы қатысып, 100 оқушы «Алтын белгіні» иегері атанды.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов халықаралық олимпиада жеңімпаздары өңірдің дарынды оқушыларымен кездесті. Өткен жылы халықаралық білім сайыстарында 124 медальға қол жеткізілсе, биылғы жылы облыс оқушылары 130 медальді жеңіп алды.

Кездесуде өңір әкімі Аңсар Мұсаханов дарынды балаларды жеңістерімен құттықтап, елімізде білім саласына ерекше қамқорлық жасалып жатқанына тоқталды. Еліміздің әр аймақтарында қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа үлгідегі білім беру нысандары салынып, өңірлерде Назарбаев Зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған көп тілде оқытатын арнаулы мектептер ашылуда. Нәтижесінде өздеріңіз сияқты дарынды балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақта «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар. Бұл сөз мұратқа жеткізетін жалғыз жол білім екенін түсініп, бүгінгі күні ел мерейін асырып, жеңістің жалауын желбіретіп жүрген жас өрендер сіздерге арналады! Бүгінгі жетістеріңіз білім таусылмайтын кен екенін түсінген сіздердің үлкен өмірдегі табыстарыңыздың бастауы деп білеміз. Сондықтан Сіздердің болашақта еліміз мақтан ететін азамат болуларыңызға тілектеспін!, - деді А.Мұсаханов. Басқосуда Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейдің 11 сынып оқушысы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Алишер Дуспаев, Қарасай ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, Халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Еркебұлан Бәкіров және Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, жас өнертапқыш, авиамольдық спорттың чемпионы Алтынбек Орумбаев сөз сөйледі.

Жиында дарынды балаларға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

УВАЖАЕМЫЕ ЧИТАТЕЛИ!

С 1 июля 2013 года сотрудники редакции газеты «БІЛІМ ШАПАҒАТЫ» уходят в отпуск!

В редакции остается дежурный специалист, который будет принимать Ваши аттестационные работы. Также Вы можете отправлять свои материалы на электронную почту редакции: atestacia7@mail.ru Следующий №29 газеты выйдет 9 августа 2013 г.

Автор:
С уважением редакция газеты «БІЛІМ ШАПАҒАТЫ».