Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ НЕГЕ АЙЫР?


9 августа 2013, 04:54 | 17 709 просмотров



Мақсаты: ертегіні түсініп тыңдай білуге, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. Балаларды ертегі арқылы достыққа, адалдыққа, мейірімділікке, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері, макет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері.

Балалар орындарынан тұрып:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Табиғатты қорғаймыз.

-Балалар бізде қай сабақ?

-Сендер ертегі елін ұнатасыңдар ма?

-Олай болса сендермен сиқырлы сандықтағы суреттермен танысайық.

-суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? / көктем/.

-көктемде қандай өзгерістер болады екен / күн жылынып,қар ериді,құстар қайтып келеді/.

-мына бала не істеп жатыр? /құстарға ұя жасап жатыр/.

-көктемде қандай мейрамды тойлаймыз? / Наурыз мерекесін/.

Тәрбиеші: -Ал енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1. Өзі айлакер қу

Жүрген жері айқай шу. /түлкі/.

2. Қанды сорып алады

Лезде тойып қалады

Ол не? /маса/.

3. Аузынан от шашады,

Сумандаған тілі бар

Бұраңдаған ізі бар,

Тіл ұшында уы бар

Ол не? /айдаһар/.

4. Б ұ д ы р - б ұ д ы р балшықты,

Жинайды да талшықты

Ұқсатып қамытқа,

Құйрығы айыр құс

Үй салатын жабыққа.

Ол не? /қарлығаш/.

Тәрбиеші: -Ендеше балалар мына жұмбақтар нелер жайында екен? /қарлығаш, айдаһар, маса, түлкі/.

Тәрбиеші: -Ендеше балалар сендермен бірге ертегі тыңдайық. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген ертегісін айтамын.

Сурет бойынша сұрақтар қою:

-Балалар ертегі қалай басталады?

-Айдаһардың сөзін кім айтады?

-Түлкі не деп айтты?

-Маса не істеді?

-Ендеше балалар адамның досы айдаһар ма, әлде қарлығаш па?

Сергіту сәті: Аппақ болып таң атты,

Түтін тікке ұшады,

Қарлығаштар қанатын

Самғап-самғап ұшады.

Тәрбиеші: -Ал енді балалар сендермен бірге қарлығашқа масаны ұстап беруге көмектесейік. Енді балалар сендермен «ғажайып нүктелер» арқылы қарлығаштың суретін салып үйренейік.

Тәрбиеші: Ал енді балалар сендермен бірге ертегімізді сахналап көрейік. Біреуіміз қарлығаш, маса, айдаһар, түлкі болайық.

Қортындылау:Өсіп тұрған ағаштарға гүлдер жапсыру.(Ақ гүлдерді-қарлығашқа,қара гүлді айдаһарға)

«Кім жылдам?» ойыны( жасырын сөзді табу)

Тыйым сөз:

Көк шөпті жұлма.

Құстың ұясын бұзба.

Жұмыртқасын жарма.

Автор:
Алмагул САРҚУЛОВА Колтабан орталау мектебі даярлық тобының тәрбиешісі Ақсу ауданы