Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА «ЗЕРГЕР»


9 августа 2013, 05:13 | 5 145 просмотров


Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың Ф.Оңғарсынова туралы түсініктерін кеңейту.

«Зергер» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту тәрбиелік: өнердің бәрі адам баласына қажет дүние екендігін түсініп, білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс –тәсілі: деңгейлеп саралап оқыту, мәнерлеп оқу , сұрақ-жауап, түсіндіру.

Корнекілігі: зергерлік бұйымдар, суреттер, Ф.Оңғарсынованың портреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың ынтасын, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Кіріспе сөз.

/Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы туралы қысқаша баяндау/

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады:

- Мына заттардың атауларын атаңдар

- Алқа, білезік, жүзік.

- Бұл әшекей бұйымдар неден жасалған деп ойлайсыңдар?

- Алтыннан, күмістен

- Осы заттарды жасаған кісіні кім деп атайды?

- Зергер

- Зергердің ұстадан айырмашылығы барма ?

- Бар

- Бар болса, ол екі кәсіпті салыстырыңдар

Балалар кәсіпті салыстырады./ Венн диаграммасын пайдаланады/.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Зергер» өлең шумағын мәнерлеп оқу.

ІІІ- деңгейдегі тапсырма. Өлең шумақтарын толық оқыту.

ІІ- деңгейдегі тапсырма. Әр шумақты жекелей оқыту.

І- деңгейдегі тапсырма. Бұл қай кәсіп жайында айтылғанын анықтайды.

Дене сергіту. Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Ой қозғау. Зергер қандай адам? / Оқушылар өз ойын қорытады./

Епті

Зергер

Шыдамды

Қолөнер тақырыбында мақал- мәтелдер айтқызу, мағынасын ашу.

« Ұста, ұстандан нұсқа», «Шебердің қолы көпке ортақ», «Өнерлінің қолы алтын...», т.б.

Мәтін сұрақтарын жауап бергізу , тапсырмаларын орындату.

Ү. Сабақты қорыту. Зергерлік бұйымдарды ата.

/Сырға, білезік, алқа, т.б./

Ұсталық бұйымдарды ата.

/Еңбек құралдары, мал әбзелдері, қарулар.../

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға мақал- мәтелдер жинастыру, жаттау.

Автор:
Оразхан САДУАҚАСОВА, бастауыш сынып мұғалімі.