Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Нәтижеге бағдарланған білім беру - сапалы білім кепілі


18 марта 2010, 15:34 | 2 430 просмотров



Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің, әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтеруде.

Н.Ә.Назарбаев.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан бергі бүгінгі таңда алдына қойған мақсаты мен мұраты тарих сахнасына өзіндік орнын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы дамып келе жатқан еліміздің басты жетістіктері заман талабына сай басты қажеттіліктерді игере білу.

Е л ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруге мемлекетіміз үлкен мән беріп отыр. Білім берудің негізгі қозғаушы күші білім десек, білімнің негізі мектеп қабырғасынан басталатыны айдан анық. Мектеп қабырғасынан қоғамдық өмірге белсене араласа алатын азамат шығуы қажет. Олар әлемдік ғылым жетістіктеріне сай білім алып, ұлттық дәстүр мен жалпы адамдық мәдениет негізінде тәрбиелену керек. Осы мақсатта оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылу жүйесі өзгертуді талап етеді.

«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» демекші, білім берудегі мектеп ұстаздарының, бағдарлы ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде мектебіміз айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Бұның дәлелі оқушыларымыздың аудан, облыс көлемінде өздерінің сапалы білім деңгейлерін көрсете білуі. Дарынды, қабілетті оқушыларды анық тау, іріктеу және ғылым білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген аудандық пән олимпиадасында осы оқу жылында 17 оқушы өздерінің дайындық деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеп, жүлделі орындардан көрінді.

«Дарын» ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық байқауда биология пәнінен 2008- 2009 оқу жылында 9-сынып оқушысы Хобдаш Шырын жүлделі III орынды иеленді.

Сонымен қатар мектеп оқушылары «Абай оқулары», «Ілияс оқулары», «Мұқағали оқуларына» да белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. «Жыр алыбы-Жамбыл» атты оқушылар арасындағы республикалық айтысқа 11-сынып оқушысы Жұмабек Ерлан.

Мектеп оқушылары өздерінің білім деңгейін Ұлттық Бірыңғай тестілеуден жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2007-2008 оқу жылында ҰБТ-дан мектеп бітіруші 31оқушының 15-сі мемлекеттік грант иегері болса, 2008-2009оқу жылында 26 оқушының 12-сі мемелекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарында өз білімдерін жалғастыруда. Осындай сапалы білім берудің көрінісі ретінде мектебіміздің аудан мектептері арасында 2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша II орын алуын атап айтуға болады.

Алдағы уақыттарда, оқыту мен білім берудегі басқару мен ұйымдастыру жұмыстарын

бағдарлы түрде жүргізу арқылы оқушылардың ақыл-ой әулетін барынша дамыту, арттыру мақсатында атқарылар іс-шаралар мазмұнды да, ауқымды бола береді демекпін.

Автор:
Р.А.Есдавлетова. мектепке дейінгі шағын орталықты Ж.Жақыпбаев орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ескелді ауданы