Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ»


16 августа 2013, 05:21 | 2 593 просмотра


Дене жаттығулары өсіп келе жатқан ұрпаққа біліммен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол оқушылардың дамуына күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбекке және Отанын қорғауға даяр болуға тәрбиелеу.

Ақыл - ойы кем балаларға мектептегі денсаулығын нығайтудағы міндеті: оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш қуатын арттыру, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен қимыл – қозғалыс қабілеті мүмкіндіктерге орай өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі көңілді ұстап өмір сүруге, еңбек сүйгіштікке, өз жігерін еркін билеуге, батылдыққа, табандылыққа, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, икемділікке, өз бетінше шешім қабылдауына ең бастысы өзіне-өзі қызмет етуге тәрбиелейді.

Мұндағы басты назар ақыл ойы кем балалардың қабілетін жетілдіріп, икемділігін, күш-қуатын, жылдамдылығын төзімділігін және өзге де қасиеттерінің жетілуіне жәрдемдесу, бала денсаулығының нығаюына және дене мүшелерінің қалыпты өсуіне, сонымен бірге ақыл-ой қабілеттерінің дамуына көмектесу, сауықтыру сипатындағы әр-түрлі дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу әдеттерін қалыптастырып, олардың денсаулығын арттыруда спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Баланың денсаулығын арттыруда баланың шапшаңдылығы - жаттығу қимылдарын тез орындауға , қарапайым іс-әрекеттің өзін шапшаң орындауға, тез қимылдауға және бұлшық еттерінің жиырылу жылдамдығын жетілдіруге мән беріледі.

Күн тәртібінде ең бірінші ұйқыдан оянғаннан кейінгі жасалатын таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулары. Ақыл - ойы кем бала үшін ертеңгі таза, желдетілген жерде жасалған жаттығулар баланың ағзасының оянуына көп себебін тигізеді. Күнделікті жасаған жаттығулар баланың денсаулығын жақсартады, дене бітімін түзейді, еңбекке деген, оқуға деген қызығушылығын арттырады.

- әрбір тәрбиеші дене шынықтыру жаттығуларын көрсеткенде, ең алдымен мойын мен қол бұлшық еттерін, сосын дене мүшесіне керек жаттығулар, тек содан кейін ғана аяқ бұлшық еттерін шынықтыратын жаттығулар болуы керек;

- ертеңгілік дене шынықтыру тәрбиеші немесе жаттығуды жақсы меңгерген оқушы жасатуы керек

Күн тәртібінде таңертеңгілік жаттығудан кейін күндіз сабақ арасында дене шынықтыру үзілісі болады. Күнде-күнде қайталана беретін жағдайда ақыл ойы кем бала тез жалығатын болғандықтан олардың көңілін аулайтын ойындар, жеңілдетілген дене жаттығулары, ол ойындар терең тыныс алып, қимыл әрекеттері бар ойын болуы керек. Дене шынықтыру үзілісі бала сабақ арасында тың жүру үшін жасалынады.

Еңбек сабағы кезіндегі дене шынықтыру үзілісі кезінде жаттығулар шеберхана ішінде өткізіле береді. Жаттығулар баланың тігін машинасында немесе бір құралмен жұмыс істеуіне байланысты. Үзіліс кезіндегі жаттығулар демалыс түрінде өткізілуі қажет әйтпесе ден саулығында ақауы бар балалар тез еліктейді сондықтан оларға аз қимылдайтын ойындар қажет.

Серуен және саяхат кезі оқушылардың денсаулықтарының шымыр болуына пайдалы. Серуен кезінде баланың өзін қоршаған айналамен танысып оған деген қызығушылығы артады. Серуен кезінде тәрбиеші, тек дене шынығуымен ғана емес оларды еркінірек жіберу. Балаларды серуен кезінде қатал ұстау оны тез зеріктіріп жібереді, олардың белсенді демалуына кедергі жасайды, сондықтан ойын ойнау түрі демалыс сәтінің біраз уақытын қамтиды, ал қалған кезде еркін жүруі қажет. Тәрбиеші саяхат ұйымдастырған кезде, өз тобының балаларының дене бітіміне қарай, жаяу жүру жаттығуын ұйымдастырады. Балалардың жаттығу кезіндегі ең көп қозғалысы, ол өзге топтың балаларымен қозғалыс ойындары, өзге сыныппен ойнаған жарыс түрінде өткендіктен олар қызығушылықпен ойнайды. Ойын түрі баланың дене мүшесіне, адам ағзасына, дене бітімінің дамуын қалыптастырады, жүрек қағысының жетілуіне және баланың ұйымдастыру қабілетін арттыруды, ақыл- ойының дамуына кез-келген көріністі тез қабылдап, көрген затын айтып түсіндіруге, балалармен ойын немесе белгілі бір еңбекке баулу кезіндегі қимылын қалыптастырады. Қандай да, бір ойын жеңіл түрде болуы керек, әйтпесе ақыл-ойы кем бала ойынға деген қызығушылығын жоғалтады. Ойын таңдауда ақыл-ойы кем бала таңдау қабілетіне бай емес және бағыт бағдары төмен.

Мектептегі күн тәртібіндегі кездесетін кезекшіліктің ақыл ойы кем бала үшін, маңызы зор. Төменгі сыныптарда кезекшілік тәртібі, сыныпта, жатын бөлмеде кезекшілік жұмыстарын қалыптастырады. Ол кезекшілік екі адамнан құралады, екі бала қызығып және екеуі бір-біріне серік болады. Бұл жұмыстар ақыл ойы кем балалар үшін бір-бірімен ара қатынасын, өздерінің алға қойған міндетіне жауапкершілігі артады, сөйлеу қабілетін арттырады және өзін -өзі басқаруға тәрбиелейді, Осы жұмыстарды сынып командирі бақылайды, жауапкершілік көрсетеді.

Ұлтымыздың зиялы ұлы М.Жұмабаев айтқандай: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие көрсетуге міндетті»

Қорыта келе әр баланың отанын сүюге, патриоттық сезімін оятуға, ана тілін үйренуге ұлтын сүюге тәрбиелеу, қазақи мінезді қылық қалыптастыру, салт-дәстүрді үйрету, ұлттық өнерге баулу, шыққан тегін білу, еңбек етуге тәрбиелеу, денсаулығының дұрыс болуын қадағалау жүзеге асса сонда, ғана өсе келе мектепте біліммен қатар, саналы тәрбие жалғасы табары сөзсіз

Автор:
М.Т. КУДЕРИНОВА Облыстық көмекші мектеп интернаты Талдықорған қаласы