Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕР ЕҢБЕКТЕ ТАНЫЛАДЫ


16 августа 2013, 05:23 | 2 048 просмотров


Мақсаты:1. Оқушыларға Н.Н.Головацкий жөнінде түсінік бере отырып,еңбек жолын саралау.

2.Еңбек туралы ой-өрістерін, іскерліктерін арттырып, оқумен еңбек егіз екенін санасына жеткізіп,адамгершілік сезімдерін дамыту.

3.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Түрі: әдеби монтаж

Әдісі: түсіндіру,өз ойларын айту

Көрнекілігі:буктеме,суреттер, шар,гүлдер, нақыл сөздер

1.Адамды адам еткен –еңбек.

2.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей

3.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.

I-Кіріспе сөз.

Еңбек- адам баласының өміріндегі ең негізгі іс-әрекеті.Онсыз тіршілік жоқ.Нағыз еңбек тастан пышақ пен балтаға-ақ ұқсас қарапайым құрал жасаудан басталған.Тәлім- тәрбие алу да, теңіздей терең білімді игере бастаудың да,қабілет, икемділікті бойыңа сіңірудің де бәрі-бәрі де еңбектен бастау алатынын байқау қиын емес.Ал енді сан- салалы шаруада жүрген үлкендердің, әке- шешелеріміздің жұмыс орнындағы тынымсыз еңбектері туралы ақындар дәріптеп өлеңдер шығарған ЮНЕСКО көлемінде тойланған Н.Н. Головацкийдің -100 жылығына орай тәрбие сағатымызды бастаймыз.

II-Негізгі кезең

Адам әсемдігін алдымен оның еңбегімен іздеу керек. Өйткені адамның мәні, даңқы оның еңбегімен анықталады.Н.Н. Головацкий- Украинаның Житомир қаласында поляк отбасында дүниеге келген.Бүкіл өмірін Алматы облысы,Панфилов ауданы,Жаркент өңірінде өткізген. Алғашқыда қызыл әскер,сонан соң шекара отрядының қосалқы шаруашылығын басқарған,ол Ұлы Отан соғысы қарсаңында шекара түбіндегі Басқұнша ауылындағы жаңа ұйымдастырылған ұжымдық шаруашылықтың төрағасы болып сайланды.1951жылы Еңбекші ұжымдық шаруашы- лығына басқарма бастығы болып ауысты.Ұжым меншігіндегі жалғыз түйені көршілес «Дихан-Қайрат»ұжымшарына айырбастап,егін егіп,ауыл маңындағы алқаптан ши орғызып,одан сыпыртқы жасатып,Жаркент базарына сатқызып,түскен тиын-тебенмен өндірістік істерді жолға қойған іскер басшы болды.Бұл шаруашылық жыл санап өркендеп өсіп ,1951-1992 жыл аралығында «Октябрьдің 40 жылдығы» атты үлкен ұжымшарға айналды.Панфилов ауданының еңбеккерлері 1966 жылы жүгері және мал өнімдерін өңдіруден ерекше жоғары жетістіктерге жетіп, Бүкілодақ -тық жарыстың жеңімпазы атанды.Осы жылы Н.Н.Головацкий Социалисттік Еңбек Ері атағына ие болды.1985 жылы Н.Н.Головацкий екінші мәрте Соц.Еңбек Ері атағын алды.Мемлекетке 75 мың тонна жүгері,1650 тонна ет өткізген.Н.Н.Головацкий тіршілігінде жоқтан бар жасайтын іскерлігі мен өшпес жарқын із қалдырды.Оның бірі- Жаркент қаласының солтүстігіндегі жергілікті халық Шатырақ деп атайтын қып-қызыл тастаққа салынған- Жастар қалашығы. Бүгінде округте 552га жерге жүгері,49 гектар бидай,65га майлы дақыл,12 гектарға көкөніс,1084 гектар алқапқа көп жыл- дық шөп өсіріледі. Ауыл тұрғындарының меншігінде 4040 қой-ешкі,715 ірі қара,100 жылқы бар. 118 жеке шаруақожалығы құрылған.Жаскент ауылдық округі халқының тіршілігі күн санап жақсарып келеді.

1.Ауданымыздың Социалистік Еңбек Ері атанған жерлестеріміз:

Головацкий Николай Никитич /1912- 1996/ (екі мәрте алған С.Е.Е), Сапиев Ш а й м ұ х а н б е т / 1 9 2 6 - 1 9 9 6 / , А б д а н о в а Айтбала /1902-1991/,Қасымбеков Әбілмәжін /1929-2000/,Ниязова Мәриям Асқарқызы /1931-1988/,Сайназаров Беркімбай /1888-1950/,Бақтаев Әлімжан /1934-2001/, Зайнаудинова Адалят және Айтжанова Күляш апайларымыз бар. Күлғайша Бердіғұлова-ҚР. Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

2.Еңбек әсемдіктің өлшемі,біздің өміріміздің негізі.Еңбек-жер бетіндегі құндылықтың қайнар көзі.Еңбек-сарқылмас қуаттың, прогрестің, адам бақытының қайнар бұлағы, өмір өзегі.

3.«Талаппен бастап,талғаммен аяқта» демекші өз ұрпағының «Сегіз қырлы,бір сырлы» өнегелі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келген.

4.Еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйінделген тамаша мақал- мәтелдер баршылық. а/Еңбек етсең емерсің. ә/Еңбек ширатады,өмір үйретеді.

б/Еңбек пен бақыт-егіз. в/Ерінген екі істейді. г/Еңбек түбі береке.

Қорытынды:

Автор:
Жумагул КАРИМЖАНОВА «Айдарлы орта мектебі МДШО» мемлекеттік коммуналдық мекемесі технология пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы