Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӘБДІРАХМАН АСЫЛБЕКОВ: «ҮЙРЕНУ»


16 августа 2013, 05:24 | 6 869 просмотров



Сабақтың мақсаты: А) Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды байланыстырып, сөйлей білуге баулу.

Ә) Әртүрлі тапсырмалар орындай отырып оқушылардың ой- өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық , талдау, жинақтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер слайд,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:1.Психологиялық дайындық

2. Сабақтың мақсатын айту. (Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, сабақта қажетті заттарды даярлау.)

Өткенді тиянақтау. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы. Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңін жаттап келу.

1. Оқушылардың жаттағандарын сұрап өтемін.

2. Кесте бойынша сұрақтарға жауап алу.

Ой қозғау:

Ф.Оңғарсынова туралы не білесіңдер?

Өлеңде қай мамандық жөнінде айтылған?

Зергер қандай бұйымдар жасайды?

Зергер мамандығы несімен қызықтырады?

Зергер мамандығы неліктен құрметті?

Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?

Жаңа сабақ.

1. «Үйрену» тақырыбына байланысты ертегі-әңгіме.

Ерте, ерте, ертеде

Әлде одан ерте ме

Ежелгі адамдар өмір сүрген заман еді. Адамдардың өмірі жануарлардың өміріне ұқсас өмір сүрген екен. Бірақ бірте-бірте адам өмірі жақсара түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір-бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. (кішкентай баламен салыстыру) Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу... Бірақ адамдар жануарлардың адамға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды да осы артықшылықтарын қолданады. Мысалы: қабан шошқалардық азу тістері өткір екенін байқап, өздеріне осындай жасап алуды шешеді. Пышақ, найза т.б. осындай қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың бақылау, байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың оттың жанында көп тұрса, онда ол - ... Не болады?

-Дұрыс айтасыңдар, қатты қызады және жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар, үңгірге ошақ дайындаған, жан-жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш-каминдер осылай шыққан.

Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынын барлығымыз білеміз, осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.

2. -Балалар, бүгінгі сабағымызды 95- 23-67 номеріне телефон шалу арқылы сабағымыздың тақырыбын біле аламыз.

-Ендеше, Әдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысамыз.

3. Автор туралы мәлімет. (слайд бойынша қысқаша тоқталу)

1938 жылы туған. Ақын, аудармашы

Оқулықпен жұмыс

1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

2. Оқушылардың оқулары: Іштей, дауыстап, тізбектей.

Талдау: Слайд бойынша жеке-жеке суреттерге байланысты оқушыларды сөйлету, суреттердегі ұқсастықтарын табу.

«Мақал-мәтелді тауып алайық» ойыны Дәптермен жұмыс.

(Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, тәрбиелік мәнін ашу)

Шебердің қолы көпке ортақ.

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Қорытындылау

Үйге тапсырма беру

Бағалау.

Автор:
Нурзипа АСЫЛОВА Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына деінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты бастауыш сыныптың мұғалімі Алакөл ауданы