Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАЙЛАР ДА ТӨЛЕЙДІ


16 августа 2013, 05:43 | 1 478 просмотров



2013 жылғы қабылдау кампаниясы адам сенгісіз жайдың басын ашты. Россиядағы ауқаттылардың баса көпшілігі жиған тергенін үнемдеу мақсатында өздерінің сүйікті балаларын арзанқолды коммерциялық оқу орындарына түсіреді екен. Бұған үзіліссіз білім экономикасы Орталығы жүргізген зерттеулер дәлел. Деседе, Россияда таяу уақытта «кедейлер үшін ЖОО» ашыла қалады деп үміттенудің қажеті жоқ.

Жоғары оқу орындарын үш дәрежеге жатқызуға болады. Біріншісі атына сай- білім береді, екіншісі – орташа, үшіншісі – әупірім білім беретін ЖОО – ры санатында. Жасыратыны жоқ, төртінші деген тағы бір категория бар. Мұндайлар санатына білім бермейтін, тек дипломды саудаға салатын ар ұяттан безген оқу орындары енеді.Оларды оңай-ақ анықтауға болады. Қалай дейсіз бе? Тек, ондайлардағы білім беру нарқын білсеңіз болғаны. Яғни, осындай ЖОО-нан сапалы білім, саналы тәрбие алу екіталай. Ақшаңды төле де үйіңде алаңсыз, төбеге түкіріп жата бер. Диплом аларда ЖОО-лар өздері шақырады.

Халық шаруашылығы Мемлекеттік академиясының Үзіліссіз Білім экономикасы Орталығы және Россия Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет директоры Татьяна КЛЯЧКОНЫҢ берген мәліметіне сүйенсек, Россияның ең ауқатты дегендерінің 36,9 пайызы балаларын жылдық нарқы небәрі 50 мың рубль шамасындағы оқу орындарында оқытады екен.

Мұндай қаражатқа білім беру мүмкін еместігі бесенеден белгілі. Себебі, Москва қаласы өз бюджетінен орта мектептің жоғары сыныбында оқитын әрбір оқушы үшін бір жылға 120 мың рубль бөледі. Осыдан- ақ, жаппай жоғары білім алу дәуірінде аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары арзан ЖОО-рын таңдайтыны белгілі. Ал, сөз басында 36,9 пайыздағыларға кедейлермен «жағаласып» нелерің бар дегің -ақ келеді. Бірақ, «байлар да ақша дегенде қалтырайтыны» бағзы заманнан белгілі емес пе?

Татьяна Клячконың сөзіне жүгінер болсақ, ғылыми тұрғыда ондай олқылықтарды жою үшін кешенді зерттеулерді әлі де жалғастыру керек. Ақталуға да болар. Ауқаттылар ерке ұлдарын азаматтық борышын өтеуден алшақтатса, сүйікті қыздарын жандарынан шығармауды көздейді. Содан барып арзан нарықты ЖОО – нда оқытады-мыс. Дей тұрғанмен, кейбір қолжетімді мемлекеттік датациядағы аймақтық ЖОО жаман білім де бермейді екен.

Сөзімізді ары қарай өрбітсек. Табысы жоғары қалталылардың 12,1 пайызы балаларын оқыту мақсатында жылына ЖОО-на 50-75 мың рубль шығынданады. Қалай дегенмен россиялық байлардың тең жартысына жуығы (49 пайыз) баларының қалтасында жоғары білімді айғақтайтын «қатпар қағаздың (диплом)» болуын қалайды. Оның қандай жолмен, қалай келгені маңыздан аулақ. Парадокс! Ақша дегенде ұйқысы қашатын, асқазанына ас батпайтын, қалай үнемдесем де өз еркім, байи берсем болғаны деген сараң байлардың санаулылары ғана ЖОО –ры нарқы жылына 150 мың рубльден асатын оқу орындарында балаларын «қиналып жүріп», түн ұйқысын төрт бөліп зорға оқытатын көрінеді.

Тұйықтан шығудың жолы да жоқ емес деген пікірде Татьяна Клячко. Ол – білім беру несиелері. Бірақ, шынтуайтына келгенде ондай «жомарт несиені» кім ала қояр дейсің. Мәселенің мәнісі міне, осында жатыр. Бразилиялық байлар ғана емес әлем байлары да жылайды, қалтасы таяздай бастаса.

Автор:
Ырыс КЕНЖЕ.