Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ІШІМДІКТІҢ САЛДАРЫ


23 августа 2013, 09:01 | 1 824 просмотра



Негізі қай халықты алып қарасақ та, ішімдік атаулығы, оның ішінде мас қылатын сусындарға аса жақындықты, оған берілуді жаман әдеттерден санап, оған тиым жасап отырған. Ал мұсылманда арақты ішуді харам істердің бірі санап, одан аулақ болуды парыз еткен. Бұл адамның адами қабілетін сақтап қалуға арналған қадам болса керек. Өйткені, мас қылатын ішімдіктің кез-келген ең бастысы адамның бірінші санасын уласа, екінші оны адамгершіліктен жұрдай етіп, ар-намысын жер етеді. Яғни, адамдық келбетінен айырады. Осыған орай көреген ата- бабаларымыздың арақты бүкіл жамандықтың бастауы, кілті деп дөп басып одан өз ұрпағын қорғаштағаны аса асыл тәрбиелерінің бірі екендігі сөзсіз.

Осымен бүгінгі күнге үңілсек, қазір ішімдік атаулының дәурені жүріп тұрған бір кезең екендігі рас. Не ішемін, қандайын ішемін деп басты ауыртуға да тұрмайды. Ақшаңыз болса болды. Жариялық заманы сияқты, ішімдік атаулыға да бостандықтың жүріп тұр. Осының себебінен ішімдікке әуестенушілердің жыл сайын көбейіп бара жатқандығы ешкімге құпия да емес. Ең бастысы, денсаулықты құртып, адамның санасын улап, адамгершілік асыл қасиеттерінен жұрдай ететін ішімдік салынудың соңы қасіретті оқиғаларға да соқтырып жатады.

ІІҚ сараптамасының негізінде айтсақ, адам қолынан жасалған ауыр қылмыстардың 60 пайызына жуығы қылмыскердің мас күйінде орын алатындығы дәлелденді. Ал ТЖМ жүргізген талдау ақпараттар, жыл сайын елімізде өртте қазаға ұшырағандардың 80 пайызы олардың ішімдік ішудің арқасында болатындығын көрсетіп отыр. Ол қазалы жайтардың барлығына дерлігі азаматтардың мас күйінде төсекте темекі шегулері түрінде болып тіркелген. Қарап отырғандарыңыздай, адам арақ ішкен мерзімде оның санасы уланып, не істеп, не қоюы тежеліп, ойлау жүйесі, сақтану қабылеті төмендейді. Осының кесірі соңынан өрт шығарып, онда кінәлі адамның қаза табуына әкеліп соғады.

Ішімдіктің өртке бірден-бір себепкерлігіне сәйкес–оған салынып, құлай беріліп ішетіндер де, яғни маскүнемдерде де өрттің туындауына бірден –бір негіз болушылар болып табылады. Осыған орай ондай азаматтар жергілікті ӨҚҚ бөлімшелерінде есепке алынады. Жалпы өртте қазаға ұшырайтындардың көпшілігі ішімдікке салынғандар. Оларды есепке ӨҚҚ бөлімдері есепке алудың себебі бұл азаматтармен кездесіп, жиі жүздесе отырып, арақтың өртке себепкерлігі, зияны турасында бағыт-бағдар беріп, оларға ішімдіктің өзіне, жалпы қоғамға деген қауіпін түсіндіріп, тәрбиелеуге бағыттылаған. Өрт қауіпсіздігін насихаттау шаралары көпшілігінде рейд жүзінде жүзеге асырылады. Рейд шараларына жергілікті учаскелік инспекторлар, әкімшіліктің мамандары тартылады.

Қазіргі күндері қала аумағында тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін сақтау айлығы өтіп жатқандығына орай жергілікті өртке қарсы қызмет бөлімдерінің мамандары өрт қауіпсіздігін мейлінше кең және сапалы насихаттауға көңіл бөліп жатыр. Осыған орай өрттің туындау мүмкіндігі барынша ішкілікке салынған адамдардың баспаналарына ІІҚ бірге рейдтер жүргізілуде. Қажет болған жағдайда, маскүнем қалпына түскен адамдарды учаскелік инспектор арқылы мәжбүрлеп емдету шараларын қабылдануда. Өртке қарсы қызмет мамандарының атқарудағы шараларының бар мақсатты адамдардың ішімдіктің өртке себепкерлігін түсініп, оған сақтықпен қарап, бойын алыс ұстауларына септесуге бағыталған. Қортындысында, адамды аздырар арақтан абай болыңыздар демекпіз.

Автор:
Р.БОЯРОВ ө/қ қызметтің подполковнигі, ТЖБ МӨББ бастығы Талдықорған қаласы