Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мария Капашовна Кадирова, Жамбыл аудандық Горный орта мектебінің директоры:


23 августа 2013, 10:03 | 1 583 просмотра



- Қазіргі білім стандарты бойынша жаңа технологияларды пайдалана отырып, балаларға білім беру жүйесі ұстаздар қауымының жұмысын біршама жеңілдетті деуге болады. Біздің мектептің ҰБТ бойынша көрсеткіші 75 пайыз. Бұл пайыздың көрсеткішті біз мектеп бойынша да ұстап отырмыз. Жаңа оқу жылында алға қойған мақсатымыз – оқушылардың білім сапасын одан әрі жоғарылату, мектептің материалдық базасын толық қамтамасыз ету, жас өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Сонымен қатар қазіргі уақытта тіл мәселесі басты назарда екені аян. Бұл тұрғыда мен «үш тұғырлы тіл» мәселесі бойынша, шет тілін жетік меңгеру дегенге біраз қарсылығым бар. Себебі, әлі де болса өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілін білу мәселесі ақсап тұр. Өзге тілді білмес бұрын, өз тіліміздің тұғырын толық қатайтып алғанымыз жөн сияқты.

Автор:
Бетті дайындаған: Әйгерім БАҚТЫБАЕВА, Елена ТКАЧЕНКО, Әйгерім ТҰРҒАНБАЕВА