Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Гүлнар Сұлтанқызы Кәрімбаева, Көксу ауданы білім бөлімінің әдіскері:


23 августа 2013, 10:05 | 1 766 просмотров



- Жалпы біздің аудан бойынша 10 балабақша және 15 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Бұл мекемелерде жалпы саны 1667 бала білім алуда. Аудан 71,1 пайыз балабақшамен қамтылып отыр. Алдағы уақытта Талапты, Мұқыры ауылдарындағы тәрбие мекемелерін қайта кеңейту және Мұқаншы, Айнабұлақ ауылдық округтеріндегі балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосу жоспары бар. Біздің алға қойған басты мақсатымыз – аудан тұрғындарын толыққанды 100 пайыз балабақша мекемелерімен қамту. Сонымен қатар тәрбиешілердің де біліктілігін арттыру жоспары бар.

Бүгінгі жаңа оқу жылының бастамасы болған тамыз кеңесімен барлық ұстаздарды құттықтаймын! Келер оқу жылы жақсылықпен басталып, оң нәтиже берер деген сенімдемін!

Автор:
Бетті дайындаған: Әйгерім БАҚТЫБАЕВА, Елена ТКАЧЕНКО, Әйгерім ТҰРҒАНБАЕВА