Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Санның квадраты және кубы


18 марта 2010, 16:31 | 6 526 просмотров



Сабақтың мақсаты: Санның квадратымен және кубымен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларға өткен материалды пысықтау;

2.Өз беттерінше білім алу негізінде жаңа материалды талдау арқылы белсенділігін дамыту, ойлау қабілетін дамыту;

3.Ой жинақтауға, таза жазуға, мәдениетке үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау әдістері

Ұйымдастыру

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын талдау. Жаңа білімді меңгерту.

І. «Психологиялық дайындық» дене жаттығуы.

ІІ. Негештің сұрақтарына жауап беру.

-Балалар, бүгін бізге хат келіпті. Хат Негештен келген көрінеді.

-Хатты ашайық па?

-Ашайық!

-Балалар, Негеш сендер сияқты кішкентай бала. Ол көңілді мейірімді, білімді. Негеш үнемі «Не?», «Кім?», «Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақтарды көп қояды. Мүмкін ол бізден бірдеңе білгісі келетін шығар? Кәне, хатты оқып көрелік. (Хатты ашып, оқып шығамыз)

-Балалр, сендер Негешке көмектескілерің келе ме? Онда алдымызға мақсат қояйық!

Атыканова Райгүл Жұмақанқызы

1962 жылы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1981 жылы Панфилов педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл. Бірінші санатты ұстаз. 1991 жылдан бері Талдықорған қаласы Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінде бастауыш мектеп мұғалім болып қызмет атқарып келеді.

-Қандай мақсат қоямыз?

-«Негешке көмектесейік » деген мақсат қоямыз

-Дұрыс, балалар! Бұл мақсатқа жету үшін Негештің сұрақтарына жауап беруга тырысайық.

-Балалр, сендер білесіңдер ме? Біздің мектепте бастауыш сынып арасында 3 –ші сыныптармен «Кім жүйрік» математикалық ойыны ұйымдастырғалы жатыр. Ол ойынға біздің сыныптан тек қана математиканы өте жақсы көретін, өте жақсы білетін алты оқушы ғана қатыса алады. Егер біз осы сабақта Негештің сұрақтарына дұрыс жауап беруден көп ұпай жинасақ, сол оқушы сайысқа жолдама алады.

-Сынып намысын қорғаймыз ба?

-Негешке көмектесейік пе?

-Көмектесейік!

-Онда біз Негештің сұрақтарына жауап іздейік.

-Қыс қай айдан басталады?

-Қыс дегеніміз не?

-Неліктен қар жауады?

-Қыста қандай ойын ойнаймыз?

-Қыс туралы қандай өлең білесің?

-Қыс туралы мақал-мәтел ше?

-Өте жақсы балалар, қыс туралы жақсы жауап бердіңіздер!

-Енді Негеш бізге әр түрлі тапсырма да жіберген сияқты. (плакаттар ілінеді)

-Үлес ұғымы туралы не білесіздер?

-Көбейту амалының терімділік қасиеті дегеніміз не?

-Көбейту амалының қосуға қатысты үлестірімдік қасиеті туралы не айтуға болады?

-Ал, балалар, Негеш сендерден санның квадраты деген не деп сұрапты?бұл сұраққа жауап бере аламыз ба?

-Жоқ!

-Неліктен? Онда біз осы тақырыппен танысайық.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Санның квадраты және кубы» деп аталады.

1-ші топ «Квадраттар» тобы;

2-ші топ «Кубтар» тобы болайық.

ІІ. Дәптер, оқулықпен жұмыс.

Жаңа білімді игерту.

№1 жаттығу. Оқушылар топ болып өздері талдайды.

A.3+3 қосындысына 3 саны қосылғыш ретінде 2 рет алынған. 3*3 көюейтіндісінде 3 саны көбейткіш ретінде 2 рет алынған. Олай болса, 3+3=3*2; 3*3=363*3=963=9 (үштің квадраты 9 тең);

B. 2+2+2 қосындысына 2 саны қосылғыш ретінде 2 рет, 2*2*2 көбейтіндісінде 2 саны көбейткіш ретінде 3 рет алынған. Олай болса 2*2*2=2*3

2*2*2=2*3 2*2*2=8

Ереже тұжырымдайық.

Квадраттар тобы: бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен алмастыруға болады.

Кубтар тобы: бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен алмастыруға болады.

Логикалық жаттығулар:

«Жүзім үзейік»

Балалар, бұл тапсырма бойынша 2- топ-

қа жүзімдегі математикалық операциялар қандай амалдарды қолдану арқылы байланысқанын анықтау керек. Ал, 2-ші тапсырмада әр топ өзі сәйкес байланысты жазу керек.. яғни сандарға математикалық операцияларды пайдаланамыз.

№5 жаттығу.

Атпен - 10 км

Жаяу - :

Шаңғымен - ? км

Шешуі:

10/2=5 км

10/5=2 км

10-(5+2)=3 км

Жауабы: шаңғымен 3 км.

Бұл есепке кері есеп құру тапсырмасы.

Атпен -? км 10 км

Жаяу - :

Шаңғымен - 3км

Шешуі:

10/5=2 км

10-(3+2)=5 км

Жауабы атпен 5 км

Неліктен бұл есеп кері есе болып табылады?

Сабақты қорытындылау және бағалау.

Үйге тапсырма.

Автор:
Р.Ж. АТЫКАНОВА Ломоносов атындағы №5 мектеп лицей, Талдықорған қаласы