Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кредиттік оқыту жүйесі жайлы


18 марта 2010, 16:32 | 2 985 просмотров


Биылғы оқу жылының екінші жартысынан І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті колледжінде педагогикалық оқулардың жоспары оқу-әдістемелік кеңесте қаралып, бекітілді. Бұл отырыс ғылыми-практикалық пәнаралық конференция түрінде өткендіктен, әр кафедра мамандары ұсыныстар мен күтілетін нәтижелерді ортаға салды. Жиынды колледж директоры А.К. Мұхамедиева жүргізіп, «Мектеп, колледж және жоғары оқу орны білім беру жағдайында кредиттік оқыту технологиясын еңгізу мәселелері», яғни, колледжге еңгізу кезеңдері жайлы ой бөлісті. Отырысқа мектеп, лицей оқытушылары, педагогикалық ұжым және жетісу мемлекеттік университеті тіркеу бөлімінің бастығы физика-математика ғылымдарының кондидаты К.У.Тұрмағанбетова қатысып, кредиттік оқыту технологиясының біздің оқу орнында қай жылдан бастап еңгізілгенін, оның тиімділігін және силабустар қалай жасалу керектігіне кеңінен тоқталды. Жиын барысында қойылған сауалдарға жауап бере отырып, білімгерлеріміздің болашақта қандай маман болу керектігін айрықша атап өтті.

Тәжірибелі маман , білікті әдіскер Г.О.Жақыпбекова жаңа жүйеде сабақ жүргізудің бір түрі – дәріс сабағының міндеттері мен түрлеріне мақсаты және атқарылатын қызметі мен құрылымына тоқталып, өз ойын ортаға салды. Аталмыш оқу орнының гуманитарлық саладағы екі секциясының, яфғни қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің оқытушылары Чалтыкенова мен Батымбекова, информатика пәнінің оқытушысы Г.А.Әбілхановалар силабустар жасау және сабаққа пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.

Бағалау жүйесіндегі экономикалық пәндер оқытушысы Г.Г.Цой мен информатика пәнінің оқытушысы А.О.Мұхамеди-

ева кредиттік оқыту жүйесінде баға қою саясаты қалай орындалатынын және балдарды есептеу үлгілерін түсіндіре отырып ұсынды. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклдік комиссиясының меңгерушісі Г.А.Әбдірахманова білімгерлердің танымдық қызығушылығын арттыруда қандай жаңа технологияларды қолдану керектігін және тірек сызбалар арқылы деңгейлеп оқыту жайын, үлестірме материялдарды қолдану барысын жиналғандар назарына ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Үш күн бойы қаралған жаңа жүйенің колледжге қабылдануын мақұлдаған педагогикалоық ұжым алдағы уақытта дайындық жұмыстарын мейлінше пысықтап, білек түре кірісетіндік-

терін білдірді. Заман талабына сай жаңа технологияны оқу жүйесіне еңгізу білімгерлердің ізденушілік, танымдық қабілеттерін арттырары сөзсіз.

Автор:
Қанат БАИСОВ, Жму колледжінің оқытушысы