Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ


23 августа 2013, 13:04 | 1 488 просмотров



« Т е х н о л о г и я л а р д ы коммерцияландыру» жобасын іске асыру аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен АҚШ-тың CRDF Global азаматтық зерттеулер және даму қоры технологияларды коммерцияландыру кеңсесін дамыту бойынша қызмет көрсету жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов пен CRDF Global президенті әрі атқарушы директоры Кэтлин Кэмпбелл рәсімдеді.

CRDF Global - өз қызметін ғылым мен техника саласындағы халықаралық әріптестікті дамытуға бағыттаған тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым. 15 жыл бойына CRDF Global дүниежүзінің 30-дан астам елінде халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруда әрі Еуразия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия елдерінің кәсіпкерлерімен және өнертапқыштарымен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе жинақтады. CRDF Global компаниясы Қазақстандағы қызметін өзінің әріптестері - Остиннің IC2 Institute Техас Университетімен және АҚШ-тың Exoventure LLC венчурлық капитал компаниясымен бірлесе отырып жүргізетін болады.

Автор:
Марлан ЖИЕМБАЙ