Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Б" ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ


29 августа 2013, 08:57 | 1 884 просмотра



Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Б дыбыс әрпімен таныстыру.Б әрпімен дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.2.Дамытушылық.Оқушылардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелік мәні:Ізденгіштікке,еңбек қорлыққа,тапқырлық қа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі:кеспе әріп,б әрпіне қатысты суреттер(бақа,бала,бота,балық) дыбыстық текшелер(көк,қызыл)әріптің жазу үлгісі.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Оқыту әдісі:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, түгендеу,сабаққа әзірліктерін,құрал жабдықтарын түгендеу.

ә)психологиялық жаттығу.

Әр оқушыға қызыл,жасыл,сары түстен шаршы қоямын.

-Кімге қандай түс ұнайды?Ұнаған түстеріңді көтеріңдер.

Қызыл-

сары-

жасыл-

Сендерге ұнаған түске қарап сабаққа деген жақсы көңіл-күйлеріңді байқадым.

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада,

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партада.

II.Өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру.

-М дыбысы қандай дыбыс ? Қай текшеге жатқызамыз?(көк).Сөздің қай буынында жазылады?(басында ,ортасында ,аяғында). Дауыстап тізбектей оқыту. Тақтаға сөздер жазғызу. Суретке қарап әңгіме құрау.

1.Суреттің астындағы сөздерді оқы.

2. Буындарды оқу, сөз құрау.

3.Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау.

4.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

III Мақсат қою:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IY Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу.

1.Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді. (бақа)

2.Буынға бөлу.(ба-қа)

Бірінші буын қандай?(ба) Екінші буын ше? (қа)

Б дыбысы былай таңбаланады.(баспа және жазба түрін көрсету)

Хормен айту.Бб. Б қандай дыбыс. (дауыссыз).

Сергіту сәті: Бота,бұзау,балапан,

Бақ ішінде ойнап жүр.

Бұлақ жақта бақа көп,

Бақ-бақ қуып мойнақ жүр.

Осы өлеңнен Б әрпі бар сөздерді тауып, буынға бөлгізу.

Y Оқулықпен жұмыс :

1.Мұғалім оқиды. Балалар хормен айтады.

Бала,бата, бор, бота.

Баба,бота,бал, Болат.

Бала, балақан,балапан.

Болат балапандарға қара.

Тақтамен жұмыс :Бала,баба,бата,бота,бор,бал.

Сөздерге буындық,дыбыстық талдау жасау.

YI Дәптермен жұмыс:

Б әрпін жазуға үйрету.

1.Тақтаға әріптің жазылу бағытын көрсету.

2.Әріпті ауада жазып үйрену.

3.Тақтаға шығарып жазғызу.

4.Жазу дәптердегі үзік сызықтармен берілген Бб әрпін жазу.

YII Жұмбақ шешу.

Бойлаған сайын тереңге,

Шығасың биік белеңге. (білім)

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ : тоқта! «жүр»-дейді.(бағдаршам)

YIII Сабақты қортындылау. Бүгін қандай әріп және дыбыспен таныстық? Б қандай дыбыс? Б дыбысы қай буында жазылады?

IX Үйге тапсырма:

X Оқушыларды жауаптарына қарай мадақтау.

Автор:
Бибигуль Кунанбаева Сайлыкөл бастауыш мектебі бастауыш сыныптың мұғалімі Кербұлақ ауданы