Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӘУЕС БОЛАМЫЗ ДЕП ӘУРЕГЕ ТҮСІП ҚАЛМАЙЫҚ


29 августа 2013, 08:59 | 1 171 просмотр



«Білім инемен құдық қазғандай» немесе «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген атадан қалған асыл сөздің қазіргі таңда құдірет, қасиеті қалды ма деген ой санамызды шарпи өтеді... Бұлай дейтін себебіміз, бүгінгі күні ғаламторсыз жүру өте қиын. Ғаламтор болса дүние керектің бәрі бар. Жаһан жаңалықтарынан бастап, дүниедегі күллі жанды-жансызды қолыңызбен ұстап, пайдалана алмағаныңызбен көзбен көріп, естуіңізге барлық мүмкіндік қарастырылған.Тіпті күнделікті күйбең тіршілікте,қызметте де осы ғаламторға таңулымыз.

BAQ.KZ ақпараттық порталы жариялаған мынадай деректі көзіміз шалып қалды. Кейінгі кездері «ұмытшақтық» әдетіне тап болған жастардың қатары күрт артып бара жатқандығын байқаған Америка Калифорния штаты университетінің ғалымдары осы мәселенің мән-жайын түсіну үшін зерттеу жүргізіпті. «Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, жастардың есте сақтау қаблетінен айырылуы күйзеліс пен ақпараттың тым көптігі салдарынан туындайтыны белгілі болған. Ал жас ерекшелігіне қарай, яғни қарттарда болатын ұмытшақтық мидағы қан айналымының төмендеуінен көрінеді. Бұл ретте, миға «салмақ түсіретін» басты құрал – интернет, дәлірек айтқанда интернетті шамадан тыс көп қолдану. Зерттеу барысында белгілі болғандай, жастардың басым бөлігі ғаламторда хат алмасып, ән тыңдайды және фильм көреді. «Бұл әрекеттермен олар бір мезетте айналысқандықтан, миға салмақ түсіп,соңы ұмытшақтыққа әкеп соғып жатады» - дейді ғалымдар. Дәл осы тұрғыда дәрігерлер бұл дертке ешбір дәрі-дәрмек көмектесе алмайды» дегенді айтады.

Ғаламтор қызметін пайдалану елімізде жыл санап артып келеді. Пайдаланушылардың дені – жастар мен жасөспірімдер, орта жастағылар екендігі анықталған. Мәселен, Қазақ торап ақпарат орталығының (KazNIC) деректеріне сүйенсек, қаңтар айынан бері елімізде 91 054 домен тіркелген. Ал елдегі интернет желісін көп қолданатындардың 25 пайызын Алматылықтар құрайтын көрінеді.Әсіресе өте жиі қолданылатын-әлеуметтік желілер. Яғни, «Mail.ru», «Facebook», «Twitter», «Вконтакте», «Однаклассники». Бұл желілер қазіргі жастар мен мектеп оқушыларының уақытын өздерінше тиімді пайдаланатын серіктеріне айналды десек те болады. Бір сөзбен айтқанда, қызылды-жасылды жаңылтпаш ақпаратқа толы ғаламтор өскелең ұрпақтың санасына әбден дендеп алғаны жасырын емес. Әйтпесе, атадан қалған, ауызекі тілде айтылып жүрген «әдептілік» жайлы мақалдың «агентті бала – арлы бала, агентсіз бала-сорлы бала» деген мағынасыз сөзге айналғаны да тегін емес- ау! Әуестіктің әлегіне салған ғаламтор пайдаланушылардың Алматы қаласы бойынша статистикасын «TNS Central Asia» компаниясы жариялаған екен. Нәтижесі мынадай:

-12 және одан жоғары жастағы тұрғындардың ішінде ғаламтор пайдаланушылар – 70 пайыз.

-18-34 жас аралығындағы қолданушылар – 54 пайыз.

-ЖОО білімгерлері – 65 пайыз.

-Қолданушылар арасындағы жұмыскерлер мен жұмыссыздар – 50/50

-Жұмыссыз қолданушылардың ең көбі студенттер мен оқушылар – 47 пайыз.

-80 қолданушы ғаламторға үйде, ал 13 пайызы – жұмыс орнынан кіреді.

-Алматылық қолданушылар арасындағы кең таралған браузер – Opera 36 пайыз.

Белгілі болғандай, қоғамымыздың негізгі құраушысы – оқушылар, жастар мен орта жас буыны болса, дәл осы жастағы адамдар ғаламторда үздіксіз жұмыс істейді. Нәтижесінде олар күнделікті уақытының 1,5-2,5 сағатын интернетке арнайды екен. Қорыта айтқанда, ғаламторға деген әуестік сананы улап жатқан жоқ па деген сұрақ туады...

Автор:
Әйгерім БАҚТЫБАЕВА Өз тілшіміз