Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПЛАГИАТПЕН КҮРЕС БОЙЫНША СТАНДАРТТАР ЖАСАЛАТЫН БОЛАДЫ


29 августа 2013, 09:03 | 2 122 просмотра



Қазақстанның ғылым саласында плагиатпен күрес бойынша стандарттар жасалатын болады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

«Біз гранттық жобаларды орындау кезінде қоғамда ғылымға деген небір жауапсыз адамдармен бетпе-бет келеміз, авторлардың шығармаларын ұрлау оқиғасы жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктермен күресу үшін, зерттеу қызметін этикалық тұрғыдан реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз», -деді Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов.

Вице-министр «бұл стандарттар ғылыми зерттеулерді іске асыру, жоспарлау және бағалаудың барлық кезеңдерінде пайдаланылады. Стандарттарды бұзатын барлық әрекеттер тоқтатылатынын» тілге тиек етті.

Автор:
Дуанабай ЖОЛДАСБЕК