Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жұмыла көтерген жүк жеңіл


18 марта 2010, 16:05 | 2 316 просмотров


Қайырымдылық, қанағатшылық, иманжүзділік – қазақтың қанына сіңген қасиеттер. Кезінде саяси құғын-сүргіннің құрбаны болып, қазақ жеріне қудаланып келген кәріс, неміс, шешен, ингуш, қарашай, балқар т.б. халықтардың оған көздері сан мәрте жеткен. Тіпті, қазақтың өз тарихында да жұттан жұтаған, өрттен, өлім-жітімнен зардап шеккен қандастарымызға көмек көрсетуді халқымыз өзінің қасиетті бір парызы деп есептеген.

12-ші наурызда Ақсу ауданының Қызыл-

ағаш ауылындағы тасқын су апатынан бол ған адам шығыны баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Тасқын су апатының болу себеп-салдарын тиісті органдар тексере жатар. Әйтсе де, бәріміздің осы апаттан алған сабағымыз – бейқам, бойкүйездіктен аулақ болып, етек-жеңімізді жинап, сақ болуымыздың қажеттігі. Әсіресе, биылғы жылдай қарлы, боранды, жаңбырлы жылы табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болған абзал. Ендігі жерде, ең алдымен, үй, мал-мүлкін суға ағызып, жақындарынан айырыл-

ған ағайындарға қол ұшын беріп, материалдық, моралдық көмек көрсету баршамыздың адамгершілігімізге сын.

Біздің отбасымыз да мүмкіндігінше жер лестерімізге көмек көрсетіп, 14-ші наурызда Талдықорған қалалық әкімдігіндегі көмек пунктіне көрпе-жастық, жылы киімдер апарып тапсырды. Сонымен бірге өз зейнетақымыздан біраз қаржыны есеп-шотқа аудардық.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – дейді, дана халқымыз. Басына қайғының қара бұлты үйірілген қандастарымызға көрсетер көмегіміз пәрменді болсын, ағайын.

Автор:
Зейнеткер-ұстаздар отбасы: Болат Әужанұлы, Нәзгүл Әужанкеліні