Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ


21 сентября 2013, 07:33 | 2 287 просмотров


Баланы оқу тәрбие үрдісі негізінде

дамыту мәселесі - бұл жыдлар бойы көптеген

ғалым-психологтардың педагогтардың ,

практик-мұғалімдердің арасында пікірталас

тудырып келе жатқан және күні бүгінге

дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе.

Теориялық мәселелерге сүйенсек ,

баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға

сай жүзеге асады. Біріншісі - биологиялық

фактор, екіншісі - әлеуметтік орта және

үшіншісі –тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Ғалымдардың пікірінше, осы фактордың

ішінде тәрбиенің, яғни оқу тәрбие үрдісінің ролі

зор. Көптеген ғалым-педагогтардың, практик

мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-

тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде

басты рөлді, ең алдымен,оқушының өз

бетімен әрекеті,белсенділігі атқарады.

Себебі, сабақ қаншалықты сапалы болсын

немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік

шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан

өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың

нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Өз дәрежесінде жете мән берілмей

келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары

сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел

– оқушыны дамытуға бағыттала құрылған

жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде

жазылған жаңа оқулықтар. Себебі мұнда

оқушының өз бетімен білім алып, дамуына

жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік

жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре

білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ

ғалымдарының бірі, ағартушы-ғалым Ахмет

Байтұрсынұлы болды. Автордың пікірінше,

бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы

керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға

орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру

және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-

бағдар көрсету.

Бұдан біз А. Байтұрсынұлының

1920-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі

жылдары Ресей ғалымдары В. Давыдов пен

Л. Зенковтың дамыта оқыту теориясының

негізі болған – өз бетіндік танымдық әрекеттің

рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы

маңызын өз кезінде қозғағандығын

байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз

бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның

бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы,

түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы,

оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс

істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып,

марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән

беріледі.

Өз бетіндік жұмыс – бұл шығармашылық

жұмыстың бастамасы. Сол себепті де

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,

олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту

мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен

жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын

қолайлы жағдай – бұл оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері.

Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау

қабілеті жоғары және қиялдау, елестету,

шығармашылық жұмысқа талпынысы

басым болады. Сол себепті де бұл жұмысты

тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның

берер маңызы зор. Өз бетіндік жұмыс

түрлеріне қатысты материалдарды саралау

және өз тәжірибеміздің қорытындысы

негізінде біз шығармашылық жұмысқа

баулуда, оқушылардың белсенділіктерін,

қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш

жұмыс түрін атай аламыз. Олар:

1. Логикалық дамытушы ойындармен

берілген тапсырмалар өз бетімен жұмыс

түрлері;

2. Берілген тапсырманы түрлендіру

бағытындағы жұмыс түрлері;

3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға

берілген әдеби шығармашылық бағыттағы

жұмыстар.

Мұнда басты назар аударатын нәрсе –

оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің

өзара ұштастырыла отырып және соған

сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде

көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде

ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да

шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей

аламыз.

Автор:
К. С. НУРТАЗИНА №14 орта мектеп гимназиясының Талдықорған қаласы