Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕН ҚОҒАМ ҮШІН ҚҰНДЫМЫН БА?


21 сентября 2013, 07:37 | 3 178 просмотров


Сабақтың мақсаты: Өмірдің негізгі

құндылығымен таныса меңгере отырып,

жастардың өздік «Мен»-ін анықтауға

көмектесу, сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

1. Жастардың өзінің МЕН-ін анықтау

үшін жағымды, жағымсыз қасиеттерін

зерттеуге ұмтылу.

2. Өз кемшіліктерін өзі реттеп, өзін-өзі

жетілдіріп, тәрбиелеуге талпыну.

3. Парасатты, салауатты да, сауатты

қарым-қатынас мәдениетін үйренген адамзат,

қоғамның құнды тұлғасы екеніне көз жеткізу.

Бағалау.

1.Топтастыру

2.Семантикалық карта

3.Эссе

Көрнекіліктер, құралдар.

1.Адамның жағымды, жағымсыз қасиеттері

жазылған схема

2.Семантикалық карта «Мен қандаймын?»

3.Өзін-өзі жетілдіру зебрасы

І.Ұйымдастыру жұмыстары;

О0ушыларды даярлау,назарын аудару;

Қызығушылығын ояту;

ІІ.Мағынаны ажырату.

Қалай ойлайсыздар, біздің қоғамымызға

қандай адамдар қажет?(Әрбір оқушы ақ

қағазға адамның 5 жағымды қасметтерін

жазып беруі керек).

Мысалы,

1.Кішіпейіл

2.Еңбекқор

3.Мейірімді

4.Ақылды

5.Өнерпаз

6.Өздеріңе сұрақ қойыңдар.

Мен қандаймын?(қазір қолдарыңа

берілетін «Семантикалыщ картаны

толтырамыз. Шындықты жазуға тырысыңдар.

Себебі бұл бұл жұмыс түрі өзімізді тәрбиелеу,

реттеу үшін қажет»).

Мен қандаймын?

Еңбекқор

Өзін-өзі жетілдіру зертханасы

Менің жағымды қасиеттерім

Менің жағымсыз қасиеттерім

ІІІ.Ой толғаныс.

Өзім үшін жазу стратегиясы бойынша, енді

өзімізге кеңес беріп көрейік.

а)өзіме хат

ә)бүгінгі 3 тапсырма

Дәл бүгіннен бастап мейірімді, сыпайы

боламын.

Сабақты қорытындылау. Мен қоғам үшін

құндымын ба?

Автор:
Б.Т. НУГМАНОВА өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жансүгіров атындағы орта мектебінің Қызылағаш ауылы, Ақсу ауданы