Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТІ ДАМЫТУ


21 сентября 2013, 07:38 | 2 349 просмотров


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік

Американың жер бедері мен пайдалы

қазбалары

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Оңтүстік Америка

материгінің жер бедерінің ерекшеліктері,

қалыптасуы, пайдалы қазбалардың кен

орындары туралы білім беру;

2. Оқушылардың интерактивті

тақтамен, электронды оқулықпен, картамен

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,

шығармашылық ізденісін дамыту;

3. Оқушылардың өз ойларына

қорытынды жасата біліуіне, жолдастық қарым

қатынасқа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оңтүстік Американың

физ.картасы, электронды оқулық, тірек–

сызбалар, кестелер, географиялық ойындар.

Сабақта қолданылатын әдіс: топпен

жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық дамыта

оқыту, тірек – сызбалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қозғау(үй тапсырмасын

қайталау).Оқушыларды топқа бөліп,әр топқа

тапсырма беріледі.

1-топ. Оңтүстік Американың физикалық –

географиялық орны

2-топ. Материк жағалауындағы мұхиттар

3-топ.Ашылу тарихы

4-топ.Зерттелу тарихы

3. Құпия сан

Кілті:452615

4. Кім жылдам? Ол кім, бұл не?

1. Х.Колумб- 6. Перу-

2. Панама- 7. Гумбольдт-

3. Вавилов- 8. Анд-

4. Отты жер- 9. А.Веспуччи-

5. Ф.Магеллан- 10. Дрейк-

5.Үй тапсырмасын бекіту.

Мен өзім болдым біраз жұмбақ мекен,

Жағама алғаш жүзіп Колумб келген.

Үндістанды таптым деп қателесіп,

Халқымды үндістер деп атап кеткен.

6 Жаңа сабақ: Саяхатшы Веспуччи , көп

зерттеді жағасын,

Ең соңында сеніммен, ұсынды өз

жобасын.

Аштым, - деді Жаңа жер, бұған дейін

белгісіз,

Байлықтары сонша көп, адам айтса

сенгісіз.

Сабақтың жоспары:

1. Жер бедерінің басты ерекшеліктері

2. Жер бедерінің қалыптасуы

3. Анд тауы

4. Пайдалы қазбалары

1. Көпір тапсырмалары (еске түсіру,

қайталау)

1) Жер бедері дегеніміз не?

2) Негізгі формалары

3) Жазықтар қалай бейнеленеді?

4) Таулар нешеге бөлінеді?

2.Электронды оқулықпен жұмыс

Таулар, жазықтар

3.Жинақтау

1. Жер бедері

Батысы таулар Шығысы - жазықтар

2. Пайдалы қазбалары (Сызба толтыру)

Анд тауы Таулы үстірттер

Ойпаттар

4. Түсіну, талдау. Мәтіндегі сөздердің

мағынасын ашу.

Саларес- тұзды батпақтар

Пуна- тау аралық үстірттер

Мысты таулар- Анд таулары. (Ежелгі

инктер)

Қалайы белдеуі- Боливия жерінде, 940 км.

Гран-чако-ішкі жазық

5.Шығармашылық тапсырма

1. Географиялық диктант

а) Анд тауы........................... деп атаған.

ә) Батыс жарты шардың ең биік нүктесі

....................

б) Боливия жерінде .............................

940км-ге созылып жатыр

в) Тау аралық үстірттер...................... деп

аталады.

2. Слайд көрсету. Анд тау белдеуі

Ең ұзын тау тізбегі жер бетінде

Әдемі, көркем сұлу тау да менде,

Үстірттер, ойпаттар бар, жазықтар бар

Ылғалдың мол мөлшері тағы менде.

6. Сабақты қорыту . Сөз жұмбақ шешу

«Оңтүстік Америка»

7.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, кескін

картаны, жұмыс дәптерін аяқтау

8. Білімін бағалау

Автор:
Ұ.Ә САБДЕНБЕКОВА Т. Құлыбеков атындағы орта мектеп- шағын орталығы. география пәнінің мұғалімі Кербұлақ ауданы