Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АТА ЗАҢ


21 сентября 2013, 07:40 | 2 009 просмотров



Конституциялық Кеңес

конституциялық заңнаманы

қамтамасыз етуде маңызды роль

атқарады.

Оның қызметі – қазақстандық

заңнаманың

Негізгі Заңның рухына және

әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі.»

Н. Назарбаев

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші

Конституциясы Қазақстанның Жоғарғы

Кеңесінде 1993 жылы қабылданған

болатын. Алғашқы Атазаң

парламенттік республиканың моделі

негізінде қаланды. Ол Конституция,

Қазақстан өз тәуелсіздігін нығайтуда

алғашқы жылдардағы қиыншылық

пен қарама-қайшылықты бейнеледі. Ондағы өмір сүруге лайықты салалардың әрі қарай дамуы

қарастырылғанымен, Заң мен атқарушы биліктердің құзыреті көп сұрақ туындатты. Бұл ахуал

мемлекеттің саяси және әлеуметтік тұрақтылығының болыспауына себепші болды. Осындай

жағдай жаңа Конституция қабылдауға шешім етті.

Кеңес үкіметі кезіндегі Конституциясымен салыстыратын болсақ, оның негізгі қазынасы – бір

адам емес, ұжым болатын. Яғни жалғыз адамның ролі төмен орын алды.

Бүгінгі таңда қолданыстағы Конституция - 1995 жылдың 30 тамыздында халықаралық

референдумда қабылданды. Конституция «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық,

зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы

- адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.» - деп басталады.

Конституция қабылданған сәттен бастап, оған үш рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

1998 жылы Президенттің өкілеттігі мен президенттік мерзіміне, сондай-ақ сенат және мәжіліс

депутаттарының мемлекеттік қызметтің белгіленген жасына тиісті болды.

2007 жылы өзгерістер мен толықтырулар жиынтығы сайлау жүйесінің пропорционалдық

жұмысына, партиялық фракциялар, Қазақстан халық Ассамблеясының мәртебесіне тиесілі

енгізілді.

2011 жылы Президенттің кезектен тыс сайлануына қатысты өзгерістер енгізілді.

Конституция – ең жоғары заңдық күші бар құжаты мәртебесі айқындалды.

Мемлекетіміз дәуірден дәуірге аттанып, талай замандардың қиыншылықтарын кезіп, тілі

мен дәстүрден, діні мен салтынан айырылмай, жерін сақтап қалған, жас та болса тәуелсіздік

алғаннан бері биік шыңдарға жеткен ұлы халқымыз, көп елге үлгі болды.

Республиканың негізгі Заңы халықтың тарихын, өзіндік ерекшелігін, сонымен қатар, осы

заман талаптарын, болашаққа өнеге болатын жайларды ескере келе құрастырылғандығы сөзсіз.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі жанынан құрылған

«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» қоғамды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету

бағытында нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі жиынтығын – «ЗАҢ» Деректер

базасын ұсынып отыр. Аталған Деректер базасы нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен

, оның ішінде Конституциямен және оған енгізілген өзгерістермен танысуға мүмкіндік береді.

Автор:
Гүлжанат РАХМАНОВА, Талдықорған аймақтық құқықтық ақпарат орталығының жетекші маманы