21 сентября 2013, 07:45 | 4 070 просмотров
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
«Шығармашылық»
Оқу іс-әрекет түрі: «Айналамен танысу»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: 1. Балалардың құстар туралы
түсініктерін кеңейту;
2. тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш арақылы
есте сақтау қабілетін дамыту;
3. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін
оятып, қамқорлыққа тәрбиелеу, бейнелеу
өнеріне деген қызығушылығын арттыру,
жапсырудың әдіс –тәсілдерін меңгерту,
Қолданылатын көрнекілікттер: Дала құст
арының суреттері, карточкалар, түрлі- түсті
қағаз, қайшы, желім.
Әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрсету, әңгімелеу, мадақтау;
Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Үнтаспадан құстардың сайраған үнін
тыңдау
-Әуеннен не естідік?
-Құстар неліктен әр түрлі сайрайды?
Осы құстардың сайрауы туралы мынадай
әңгіме бар екен.
Әке құстар ана құстарға ән айтып
береді. Қауіп төнгенде аналары шырылдап,
балапандарына ескертеді. Құстар құрт-
құмырсқаға таласқанда ащы айқайлап шу
шығарады. Балапандар тамақ жегісі келгенде
шиқылдап аналарына айтады.
-Балалар құстардың қандай түрлерін
білесіңдер?
-Үй құстарына қандай құстар жатады?
- Ал, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
-Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын ,
Бұтақтан бұтаққа ауысқан.
Бұл қандай құс? (сауысқан)
Құстардың суретіне қарап қандай құс
екенін айтайықшы: бүркіт, аққу, торғай, көкек,
қарға, қарлығаш, сауысқан т.б
Балалар сендер құстарға қандай
қамқорлық жасайсыңдар?
- Ұя жасаймыз, жем шашамыз.
- Таспен атуға, жұмыртқасын жаруға,
балапандарына тисуге болмайды ма?
- -Өте дұрыс, Жарайсыңар!
- Ал, құрметті қонақтар сіздерге
балалар өздернің құстар жайлы тақпақтарын
айтып берсін
Роза:- Ауламызда бау бүрлеп,
Шешек атып жайнады.
Ақ тамағы бүлкілдеп,
Қарлығаштар сайрады.
Сәкен:- Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Суыққа сонда тоңбайсың.
Шынар:- Қарға қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қор болар,
Бұтаға келіп қорғалар.
Өте жақсы, жарайсыңдар!
Ал, құрметті қонақтар, құстар туралы
балалр жаңылтпаштар жаттап келіпті.
Рабиға:- Торғай сүйер тоғайды.
Тоғай күтер торғайды.
Торғайсыз тоғай болмайды,
Тоғайды торғай қорғайды.
-Ал, енді «ұшты- ұшты» ойынын ойнайық.
-Құстар жайлы өте жақсы біледі
екенсіңдер. Құстар өте көп екен оларға біздің
көмегіміз қажет. Біз құстарға ұя жасайық.
Балалар алдарындағы құралдармен ұя
жасауға кіріседі.
-Балалар ұяларың неткен әдемі болып
шықты. Құстар сендерге рахмет айтатын
болды.
Сабақты қорыту