Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҒАЛІМ МӘҢГІ НҰРДЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ


21 сентября 2013, 07:56 | 2 833 просмотра



«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,

ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне

ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын

тынымсыз лаулаған жалын иесі»,

- деп атақты педагог Я.Коменский

айтқандай, ұстаздық жолды биік

мұрат тұтып, саналы ғұмырын бала

тәрбиесіне арнаған абзал аналардың

бірі –

Бақытгүл Батталғазықызы.

Бақытгүл Батталғазықызы 1963

жылдың шуақты көктемінде Ақжазық

ауылында көп балалы қарапайым

отбасында дүниеге келді.Әкесі

Батталғазы қария мен анасы Тұрған

бүгінде қарттықтың әдемі жасы 80 деген

белеске көтерілді.7 бала тәрбиелеп өсіріп,

ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, олардан

тараған немере шөберелерінің қызығына

тоймай, өткенге салауат, бүгінге шүкіршілік

етіп отырған бақытты қариялар.Осындай

отбасында өсіп, тәрбие көрген Бақытгүлдің де

арманы асқақ еді.

Бала қиялы қандай кең.Ойын баласы

кезінде-ақ, өзінің алдына биік мақсат қойып,

ұстаздықты армандаған өжет қыз 1982 жылы

Қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1987

жылы бітіріп, жоғары білімді ұстаз атанды.

Алғашқы еңбек жолын 1988 жылдан

бастап, күні бүгінге дейін Аққұдық ауылы

Ш.Байбатшаев атындағы орта мектепте

ұстаздық етіп келеді.

Иә, алғашқы қадам.Жас маман.Өзіндік

қиындықтар да кездесті, әрине.Бірақ жүрек

қалауы болған мамандыққа тез-ақ бейімделді.

Еңбек жолында озық тәжірибені оқып-үйреніп

қана қоймай ,сол кездегі Жаманбалаев

Айтқожа,Әділғазиева Несіпті,Күлайхан

сияқты тәжірибелі ұстаздардан ақыл-кеңес

алып,үнемі ізденіс үстінде болды.Осындай

ізденістің нәтижесінде тәжірибелі ұстаздар

қатарына ілігіп, директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасар қызметіне көтерілді.

Қызметте жан-жақты ұйымдастырушылық

қабілетімен таныла білген Бақытгүл

Батталғазықызының талап қоя білетін,әр іске

асқан жауапкершілікпен қарайтын іскерлігі өз

алдына.

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпақ

алдымен дүниенің дүрбелеңін саралай алатын

білімді де саналы, әр нәрсені кеңінен ойлайтын

ақылды да парасатты, Отаны үшін отқа түсетін

ер жүрек, жауға сес көрсете алатын айбынды

ды айбарлы болуы керек.Осы қағидаларды

үнемі есте ұстап, әрі өзі бастауыш сынып

мұғалімі болғандықтан оқушының негізі

төменгі сыныптан қалыптасатынын ескере

отырып, дана Абайдың нақыл сөздерін

назарда ұстайды.

Абайдың он тоғызыншы қара сөзінде :

«Адам ата-анадан туғанда есті

болмайды;естіп, көріп, ұстап,татып көрсе,

дүниедегі жақсы жаманды таниды да

сондайдан білгені, көргені көп болған адам

білімді болады» деген. Осы орайда «Баланың

жақсы тәрбие алуы үшін ата-ана мен мұғалім

тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.Сонда

ғана олар мақсат-мүдделерінен шыға алады

,-дейді білікті ұстаз.

Қазіргі таңдағы балалар өте ақылды, тез

еліктегіш, олардың іс-әрекеттерін түсіну кейде

қиынға түсетінін баршамыз білеміз.Сол себепті

ата-аналар жиналысынжиі өткізіп,тәрбие,

отбасы жайлы, атап айтсақ, «Ата-ананың

отбасындағы ролі қандай? », «Бала –жанұя

айнасы», «Халықтық педагогика негіздері»,

«Жаңа заманға патриотты жастарды

тәрбиелеудің инновациялық амалы», «Жан-

жақты тұлға тәрбиелеуде ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды қолдану»

деген тақырыптарда баяндамалар жасады.

Сонымен бірге халықтық педагогикаға

қатысты тәрбие сағаттары мен сыныптан

тыс іс-шараларға көп мән береді. Мектепте

ұйымдастырылатын ата-ана, сынып

жетекшілердің қатысуымен өткізілетін әрбір

семинар- практикумдар,конференциялар,сан

алуан пікірталастар мен дөңгелек

үстелдер,рухани бас қосулар мен келелі

кездесулер соның дәлелі іспеттес.

Еңбек тәжірибесін жинақтай жүріп,

қызығы мен қиындығы мол мұғалімдік жұмыста

кездесетін түрлі кемшілікке сыни көзқарас

қалыптастырып, олқылықтарды түзетуге, істі

жаңаша ұйымдастыруға, жаңалық енгізуге

үйренді.Ұжыммен тіл табысып, бала мен ата-

ана алдындағы үлкен жауапкершілік, сенім

мен міндет жайын да әрдайым есте ұстады.

Соның нәтижесінде мектеп жақсы жағынан

көріне білді. «Қауіпсіздік дөңгелек-2012»

облыстық байқауда І-орын, «Ғұмырдария

2013» М.Мақатаевтың шығармашылығына

арналған V Республикалық конкурсында

9-сынып оқушысы Нұрталіп Балгүл ІІІ-

орын,жас маман Адильбаев Шыңғыс І-орын

алса, аудандық Абай,Шәкәрім,Махамбет,Іл

ияс,Мағжан оқуларынан мектеп оқушылары

жүлделі орындардан көріне білді.

«Талпынған жетер мұратқа » - дегендей,

ұстаздың осы жылдардағы еңбегі елеусіз

қалмады. Еңбегіне қарай марапатталып,дос-

жарандары мен қызметтестерінің ортасында

пайым -парасатты ұстаз ретінде танылды.

Отбасындағы бақытын еңбекпен

ұштастыра білген Бақытгүл Батталғазықызы

бұл күнде мерейлі 50-ге толды. Ұлағатты

ұстаз,адал жар,ибалы келін.Жан-жары Ердос

екеуінің шаңырағы кең.2-ұл,2-қыз өсіріп,бәріне

жоғары білім алып берген аяулы ата-

ана,қамқор да қадірменді ата-әже.

Табанды да қажырлы күш-жігер жұмсауды

қажет ететін мамандыққа саналы ғұмырын

еселі еңбекпен өрнектеп,әріптестерінің

құрметіне бөлене білген Бақытгүл

Батталғазықызына мерейі өсіп,абыройы

асқақтап,еңбегінің зейнетін көріп,немере-

шөберелерінің қызығын көре бер демекпіз.

Автор:
Мөлдір БӨЛЕКБАЕВА Ш. Байбатшаев атындағы орта мектептің мұғалімі Панфилов ауданы Аққұдық ауылы