Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШЫҢҒЫСХАН КІМ? МОҢҒОЛ МА, ҚАЗАҚ ПА?


21 сентября 2013, 07:59 | 3 033 просмотра



Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,

Данышпан,түңғиық ой,болат жігер

Шыңғыстай данышпанның құр аты да

Адамның жүрегіне жігер берер

Мағжан Жұмабай

Юнеско-ның шешімі бойынша 1995 жылы Шыңғыс каһан

мынжылдык адамы ретынде аталды. Сонда да атағы жер жарған

даңқына карамастан Шынғысхан тарих қалтарысында белгісіз

тұлға ретінде калып қойды. Шынғысханнын жорык жолдарын

тарихшылар қаншалыкты майын тамызып жазса да оның

сүйегі кайда көміілгені және ұлтының кім екены әлі күнге дейін

белгісіз,Шынғысханды моңғол деп атау кейбір мемлекеттер үшін

өте тиімді болғандыктан тарихтың бұрмаланганын біліп,толық

түсіну үшін тарихшы болу қажет емес. Бірақ шындык толык

ашылу үшін әлі де біраз уақыт керек сиякты. Бул туралы жакында

«Ордынская Москва» кітабының авторы В. Белинский мәлімдеме

жасады.Оның айтуы бойынша Шыңғысханның түркі екені туралы

жүзден астам дәлелдер бар және де атап айтканда оның қазақ екені

туралы біраз негізсіз емес ой түйеді.

Тарихи деректер бойынша Шынгысханның үлкен ұлы, тұнғышы

Жошы хан қазақ жерінде қазіргі Жезказған қаласынан 45 шақырым

жерде түркі рәсімімен жерленген,мазары әлі күнге дейін сақталған.

Ал монғол дәстүрі бойынша өлген адамдарын ешуақытта жерлемей

айдалаға апарып тастап отырған.Монғолдар бул әдетін тек социализм

кезінде ғана біраз тоқтатып кейін қайта жандандыра бастаған.

Шыңғысханның төрт әйелінің екеуі қазақ руы қоныраттан екенін әлем

тарихшылары тегіс мойындаған,бірақ олар бұл руды монғол руы екен

деп шатастырған.Қалған екі әйелі татардан,ал монғолдан бірде бір әйел

алмаған.Балаларының,үрпақтарының есімдері басынан аяғына дейін

түркі аттарымен аталғаны бекерден бекер емес.

1206жылы қазақ рулары найман,керей,меркіт,жалайыр және бір татар

руы қатыскан құрылтайда Шыңғысты қаһан етіп сайлаған,мұнда да тарихи

дерек бойынша бірде бір монғол руы қатыспаған.Егер Шыңгыс монғол

болса бұлай болуы мүмкін ба?1226 жылы қазіргі Жезқазған өңірінде

Шыңғыс қаһанның катысумен үлкен құрылтай өтті,сол құрылтайда атасы

немересі Батуға Ресей жеріне аттануға бата берді.1229жылы Шыңгыс

қаһан дүниеден откен соң жеті жылдан кейін 1236 жылы Бату хан 200

мың қолмен жорыққа аттанды.Аталмыш құрылтайға қазақтардың

отыздан астам руы қатысқандықтан Бату ханның әскерінің жүз мыңнан

астамы қазақ жауынгерлері деп батыл болжам жасауға болады.Ерекше

қасиеттері үшін қазақтар Батиды Саин хан деп те атаган.Бұл қазақ

халқының өз ханына деген қалтқысыз құрметі болса керек,басқа ұлттың

өкіліне ондай құрмет болуы мүмкін емес.

- Плано Карпини мен Гильом де Рубруктың біздің кезімізге дейін

сақталган жазбаларында Шынғыс каһан империясының астанасы

Каракорымның айналасы шыңдарын мұз бен қар басқан биік таулармен

қоршалған деп суреттеген.Ал енді монғол такырыбын зерттеуші археолог

ғалымдардың монғол жерінен тапкан «қаракорымының» айналасында

тау тұрмақ төбе де жоқ.Сонымен қатар монғол жеріндегі көп жылғы

ахеологиялық қазба жұмыстарының да ешқандай нәтижесы болған

жоқ,яғни Шынғыс каһан империясының13-14 ғасырлардағы өміріне

байланысты ешқандай деректі мәліметтер табылмады. Бүкіл адамзат

тарихында құрылған мемлекеттердің ешқайсысы тең келмейтін,ең

шоқтығы биік Ұлы Моғол Империясынан ешқандай із қалмауы мүмкін

ба?Әрине,жоқ ,демек біз Шынғыс каһанның іздерін Алтай өңірі мен

Жетісу жерінен іздеуіміз керек. Шыңғыс каһанды монғол деп айтуға

тарихшыларды мәжбүрлеген монғол жеріндегі Керулен мен Онон

өзендері,ал шын мәнінде монғол жерінде Керулен деген өзен жоқ,

болған да емес.Монғолдардың Хэрлэн деген өзенін тарихшылар

Керулен деп шатастырған, себебі Хэрлэн Шынгыс каһан заманындағы

саяхатшылар мен тарихшылардың жазбаларына сәйкес келмейді.

Мысалы,Рашид-ад-диннің айтуы бойынша Бүрхан-Халдун тауларының

оңтүстік жағынан,ортасында-Керулен,шығыстан-Онон,оңтүстікке қарай

ағады деп көрсетілген.Ал енді қазіргі Монғолияның картасына үңілсек

Бұрхан таулары (ғалымдардың айтуы бойынша

қазіргі Хэнтэй таулары) бүл таудан бастау алып

ағатын өзендер Хэрлэн (Керулен) мен Онон(Онын)

солтүстікке қарай ағып жатыр. Керулен мен Онон

өзендерін,Шынғыс каһанның ізін Монғолиядан іздеу

–ғылыми ағаттық - деп есептеуге болады.

Статистика бойынша қазіргі түркілердің жалпы

саны 200 миллионға жетіп жығылады,(Қазақстан

президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылы

Бакуде түркілер саммитінде сойлеген сөзінен)

ал монғолдардың саны 10миллионға жетер-

жетпес,бұдан кандай қорытынды шығаруға

болады--- сол кездегі статистика қазіргіден

алыска кете қойған жоқ.Болар-болмас осындай

аз-ғана санмен сол кездегі тарихсыз монғолдар

қаһарлы Түрік қағанатының қарағайдай қалың

ел ұрпақтарына қарсы соғыс ашуы мүмкін емес.

Шығысында Қытаймен,оңтүстігінде персілер

империясымен ғасырлар бойы соғысып бірде

жеңіп, бірде жеңіліп тарих сахнасында мол із

қалдырып,желбіреген биік ту тіккен Түркілер

империясы өз айналасында ешкімге де есесін

жіберген емес.Шыңғысханның келуі – тарихи

заңдылық,себебі мұндай биік,заңғар тұлғалар бос,

тақыр жерде пайда болмайды.Тарихтан таяқ жеп

ыдырай бастаған Ұлы Түркі қағанатының қысылып

қиналған халқының рулары өз құрылтайында өзінің

ақылды, ел бастауға лайық ержүрек ұлын қаһан

етіп сайлады. Айтқанын екі етпей орындап, соңынан

ерді,темірдей тәртіпке бағынды,соның арқасында

әлемнің тең жартысын бағындырды. Қалыптасқан

дәстүр бойынша Шыңғысханды қанішер,құбыжық

етіп көрсету әдетке айналған, бірақ ол шын

мәнінде мемлекет құру, мемлекет басқару мәселелерін тек

демократиялық жолдармен шешіп отырған.Арада қаншама

заман өтсе де мемлекеттік құрылымның негізгі тұрғылары

мүлде жойылып кетпей, дәстүрлі жалғастық тапқан. Қазіргі

мемлекет басқару институттарының негізі сол кезде

қаланғанын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Жаңадан құрылған империяның Ата заңы ретінде 1206

жылы Шыңғысты каһан етіп сайлаған атышулы құрылтайда

Жасақ –атты заң қабылданды.Уақыт оза келе,бұл заң

толықтырылды,бірақ ешқандай өзгеріске ұшыраған емес.

Кейінерек Жасаққа жалғас Білік қатарға қосылды.Жасақ

– қалтқысыз орындалуға міндеттейтін заң десек, Білік –

Шыңғыс каһанның өмірінің басынан бастап аяғына дейін

айтқан ақылды сөздері мен нұсқауларының жинағы. Бүл

Білік те Шыңғыс империясында заң ретінде қолданыста

болған. Рашид-ад-Диннің айтуы бойынша Шыңғысханның

ұрпақтары ғана емес, мемлекеттегі атаулы тұлғалардың

барлығы Жасақты жатқа білуге міндетті болған. Жыл

сайын жиналып, жасақ-тану дәрістерін (семинария) –өткізіп

отырған. Жасақ пен Білікті толық меңгермеген кісілер

жоғарғы мансапқа көтеріле алмаған. Жалпы жұртқа да

мағлұм болуға тиіс. Кімде-кім бұл заңды бұзса не қарсы

шықса тиісті жазасын алған.Әлденеден кінәлі үлкен ұлықтың

өзі,оны жазалау үшін каһан жіберген ең кіші қызметшіге

толық бағынып,тіпті өлімге бұйырылған болса да, тиесілі

үкімге мойынсынған. Жалпыға ортақ Жасақ – хан үшін де

міндетті.(Жувейни, Рашид-ад-Дин) Әміршінің өзі сақтамаған

заңды қалған жұрт қалай мойындамақ.Жасақ заңын бұзған

хан ба, қара ма басы кетуі тиіс.

Жасақ заңының бабы бойынша нояндар мен

ұлықтар,нөкерлер мен қызметшілер – әрқайсысы

жүктеулі міндетін атқаруға тиіс. Биліктегі кісі өз төңірегіне

жақын туыстарын ғана жинап, көлденең жұртты шетке

қағуына жол жоқ.Байлар мал-мүлкін сақтасын,бірақ

арамдықпен,зорлықпен және алдамшы қиянатпен

дәулетін арттыру амалын ойламасын.(Рашид-ад-Дин)

Жувейни осындай заң жуйесі Шыңғыс ханның

ақыл-парасаты мен даналық ой-толғамдарының

нәтижесінде дүниеге келген деп атап жазған.Әрине,

мұндай ой-түйінмен келіспеу мүмкін емес.Жасақтың

анық көлемі мен бабтары бізге толық жетпесе де,

мұражайларда сақталған үзік,нұсқаларын саралау

арқылы көптеген мағлұмат алуға болады. Болашақта

ғалым-тарихшылардың іздену-зерттеу жұмыстарының

арқасында Жасақ заңы туралы қосымша құнды деректер

табылып қалуы мүмкін.

Шыңғысхан тарихын зерттеуші алдымен моғол

мен моңғол атауларын ажыратуы керек. Осы уақытқа

дейін ғалымдар бұл мәселені шатастырумен не

бүркемелеумен келеді. Шыңғысхан моғол, моңғол емес.

Шыңғысханның құрған мемлекеті моғол мемлекеті,

моңғол мемлекеті емес.

Рашид-ад-Диннің «Жәми ат-тауарихына» сәйкес,

Шыңғысханның арғы тегі Моғолға тіреледі, ал Моғолдың

арғы тегі Түрік болады. Түріктің ұрпақтары Татар мен

Моғол есімді ұлдарынан осы аттас халықтар тараған.

Сол себебті Қадырғали Жалайыр «Шежірелер

жинағында» Ергенеқоннан шыққан қалың түрікті

моғол деп атаған дейді.Моғолдардың тілі мен діні

моңғолдардыкімен ешуақытта бірдей болған емес.

Карпини кітабын «Біз Татар дейтін Монғолдардың

тарихы» деп атаған. Кітаптың басынан аяғына дейін

Татар атын кездестіресіз,моңғол аты өте сирек.

Рубруктың шығармаларында да моңғол аттары

мүлде кездеспейді.

Сонымен Рашид-ад-динде, Рубрук та Шыңғысханды,

оның ұрпақтарын моңғол демепті. Бұдан шығатын

қорытынды моңғол деген атау кейін қосылған. Тек XIX, XX

ғасырларда Рубрук кітабының орысша аудармаларына

түсініктеме бергендердің (орыс тарихшылары ) моңғол

атауын тықпалағаны көрініп тұр.

Біздің кезімізге дейін сақталған Мөңке ханның

Франк королі Людовик-IX-ға жазған хатында «Біздер

Наймандар,Меркіттер,Мұсылмандар –деп бастаған.

Шыңғысхан мемлекетінің құжаттары түркі тілінде

жүргізілгені туралы тарихи деректер толып жатыр. Күйік

ханның 1246 жылы жазған хатын Плано Карпини Рим

папасына жеткізген. Бұл хатты 1920 жылы поляк ғалымы

Кирилл Каралевский Ватикан мұрағатынан тапқан.Ең

қызығы, Карпини Күйік ханды Татар императоры деп

жазған. Хат татар тілінде жазылған, артынан Карпинидің

сұрауы бойынша парсы тіліне аударылған. Хатқа Күйік

ханның мөрі басылған,ондағы жазудың түрік тілінде

екенін Францияның ірі монголтанушысы Поль Пелльо

зерттеу жүргізіп дәлелдеген.

Шыңғысхан туралы тың туындылардың авторы

Данияров Қалибек өзінің Жошы Ұлысы атты кітабында

Алтын Орда мемлекетінің қай тілде сөйлеп,қандай дінді

ұстағаны туралы көптеген дәйекті пікірлер келтірген.

Каир қаласының архивінде сақталған Алтын Орда

мен Мысыр мемлекетінің қарым-қатынас қағаздары

тек түркі тілінде толтырылғанын өте сәтті дәлелдеген

деректер тапты..Моңғол елі, моңғол жері - деген бірде-

бір сөз жоқ. Данияров Қалибектің бұл еңбегі қазақ

тарихшыларының алғашқы әліппесі ғана,іздену мен

тарихи шындықты халыққа жеткізіп, рухын көтеретін

негізгі жұмыс келешекте.

(Жалғасы бар)

Автор:
Қадір БЕРДЕН